Сабақ тақырыбы : Ауаның құрамы а ауаның құрамымен таныстыру,меңгерту



Дата26.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#29760
түріСабақ


Борашева Д.Қ «№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Мақтарал ауданы Жетісай қаласы
Сабақ тақырыбы: Ауаның құрамы.
а) ауаның құрамымен таныстыру,меңгерту.

ә) балалардың сөйлеу, ойлау, зерттеу, іздену қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

б) ауаны тазартудың, ластамаудың жолдарын негізге ала отырып, тазалыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірме тест,слайд, мақал-мәтел,жұмбақ т.б.

Сабақ әдісі: ой шақыру, түсіндіру, сұрақ-жауып, топтастыру.

Сабақ түрі: дамытпалы сабақ.

Сабақтың барысы: І Психологиялық дайындық.

ІІ Өткенді пысықтау

Үй тапсырмасын тексеру



  1. Сұрақ – жауап:

  • Ластанған су деп қандай суды айтады?

  • Суды қорғауға сен қандай үлес қоса алдың?

  • Суға қандай зиянды қалдықтар түседі, олар ағзаларға қалай әсер етеді?

  • Өздерің тұратын жерде су айдындарының қандай түрлері кездеседі?

ІІІ. Жаңа сабақ:

2.Қызығушылықты ояту:

Жер бетіндегі тіршілік жасау үшін ең маңыздыларын ата. Соны тауып көрейік ( тамақ, су, ауа).

Кең әлемді кернейді,

Көзің бірақ көрмейді.

(ауа)

-Дұрыс, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз- Ауаның құрамы.



Не білеміз?

  • Балалар, 2-3 сыныптарда өткен ауа қасиетін есімізге түсірейікші оқушылар ауаның қасиеті жайлы білетіндерін айтады, ( иіссіз, дәмсіз, түссіз)

Не білгіміз келеді?

-Ауаның құрамы неден тұрады?

- Ауа неге таусылмайды?

- Ауаның құрамы неліктен тұрақты болады?



3. Мағынаны тану: Оқулықпен жұмыс

1. Мәтінмен жұмыс

2.Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту, түсінгенін айтқызу.

Мұғалім сұрақтары:



  • Ауа неліктен қоспаларға жатады?

  • Азот оттегіден неше есе көп екенін түсіндір?

  • Ауаға су буы қайдан келеді? Осының алдындағы тақырыпта су туралы білгеніңмен байланыстырып әңгімеле.

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі:

көмірқышқыл газдың үлесі 700 есе аз




азот 78 % ең көп газ- азот

оттегі 21 %

Ауа адамның жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ортасы. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі мен түсі жоқ. Ағзалар тыныс алғанда ауадан оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Қатты, сұйық, газ күйіндегі отындар жанғанда да оттегі жұмсалады.

Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған.

4.«Артық болмас білгенің» ( көрнекілікпен жұмыс)

Оқушылар слайдтар арқылы ауаны не ластайтынын, оны тазартудың жолдарын көреді. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Жағылған 1 тонна таскөмір адамға бір жылға тыныс алатын оттекті жояды.



5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Тест карточкасын үлестіру.

1.Қатты, сұйық, газ күйіндегі отындар жанғанда не жұмсалады ?

а) оттегі

ә) азот

б) көмірқышқыл газ.



2.Ауаның неше пайызын оттегі құрайды?

а)18


ә)20

б)21


3. Ауаның қасиетін ата?

а) иіссіз, түссіз, дәмді

ә) дәмсіз, пішіні жоқ

б) иіссіз, түссіз, дәмсіз, пішіні жоқ.

4. Ауасыз қанша уақыт өмір сүреміз?

а) бір ай

ә) бірнеше минут

б) бір күн

5. Ауа қосылысындағы ең көп – азот. Ол ауаның неше пайызын құрайды?

а) 78 %


ә) 77 %

б) 76 %
6.Сергіту сәті: Жұмбақ айтады;

Көзіңе көрінбейді,

Қолыңа ілінбейді.

Бірақта құлағыңа

Ұдайы күбірлейді.

(Жел)

Мақал- мәтелдер:

Ауа – қазына, су – алтын бұлақ,

Ауа – тыныс тірлігі...

Ауа - өмір тынысы, өмір кілті.

Асқар таудың ауасы – аурудың дауасы.

Ауасы байдың – ағзасы бай



Тыйым сөздер.

Ауаны былғама

Ауаны қылышпен кеспе.


IV Бекіту

V Сабақты қорытындылау.

VI Үйге тапсырма: «Ауаның құрамы» мәтінін оқу.

Ізденушілікпен жұмыс.Ауаны тазартудың жолдары жайлы мәлімет жинау.



VII Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет