О3 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды және шығарма мазмұнына сай проблемалық сұрақтар құрастырады.
А3 Ертегідегі кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді.
Ж2 Материал бойынша шағын мәтін жазу
Критериалды бағалау:
Барлық оқушылар орындай алады : кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай бағалайды,проблемалық сұрақтар құрастыра алады. Д1: кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай жағымды,жағымсыз деп бағалай алады ;
Д2: кейіпкерлердің іс-әрекеттерін көрсететін үзіндіні мәтіннен табуда баяу қозғала-
ды ;
Д3 : Ойын жеткізуде сенімсіздікбайқалады .
Оқушылардың көпшілігі орындай алады : кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,салыстырады , негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді,мәтін құрастыра алады . Д1 : сөздік қоры жеткілікті,бірақ ой жүйесінде ауытқулар кездеседі ;
Д2 : мәтін тақырыпқа сай келеді,кейіпкерлерді салыстыруда дәлсіздіктер кездеседі;
Кейбір оқушылар орындай алады : негізгі идеяны түсінген,өз көзқарасын білдіреді,өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе алады. Д1 : сөздік қорының мол екендігі байқалады ;
Д2 : мәтіндегі сөздері тілдік нормаға сай,орынсыз қолданған сөздер кездеспейді;
Д3 : ойы жүйелі,негізгі идеяны ашады,1,2 пунктуациялық,орфографиялық қателер бар.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады : кейіпкерлерді табады, оларды іс-әрекеттеріне қарай саралайды,салыстырады,тақырыпқа сай мәтін құрастырады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер : шыншыл ертегі, кейіптеу
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер :
Мадан хан ,Жаман,қырық уәзір,сынаққа түсу, т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар : Негізгі кейіпкерлер кімдер ? Ұнамды,ұнамсыз кейіпкерлер деп кімдерді айтады?
Не себепті ... ... ... ... ... ... деп ойлайсыз? Не себепті бұл кейіпкерлер ұнамды? Не себепті бұл кейіпкерлер ұнамсыз?
ишара : Керемет! Тамаша! Жарайсың!
Алдыңғы оқу:
Бастауыш сыныптарда өткен ертегілерді еске түсіреді, қайталайды.
Әдіс – тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту