-Бақытқа жету үшін мына мақсаттарға жетуіміз қажет.Ол үшін бар білімізді көрсетіп,жеңіске ұмтылуымыз керек.
/слайд арқылы Абай мен Мұхтар бейнесін көрсету/
М.Әуезовтің атын әлемге еткен кім еді?Әрине,Ол-Абай.Мұхтар
Абай алдынан өткен.Оның өлеңдерінен нәр алып,қанат жайған.Біз әдебиет сабағынан атақты «Абай жолы» романынан үзінді оқығанбыз.Ендеше, сыныпты екіге бөліп,1-топтың атын «Абай ауылы», 2-топтың атын «Мұхтар ауылы» деп атайық.
Екі топ сұрақтарға жарыса жауап береді.10-15 сұрақ.
Алған ұпайларын санамалап,қай топтың жақсы қатысқанын айту,түбінде достықтың,бірліктің жеңетінін айту.
Мадақтау.
Осы алған білімдерімізді сынақ сұрақтары бойынша тексеріп көрейік. «Өз біліміңді тексер»сынақ сұрақтарын слайд арқылы көрсету.Оқушылар әрқайсысы өзі орындайды.Нәтижесі тақтада көрсетіледі,бала жауабымен тексеріп,өзіне-өзі баға қояды.
-Балалар,міне,біз білімге деген қызығушылықтың нәтижесінде үлкен жетістікке жетіп отырмыз.Сіздердің бүгінгі жеткен табыстарыңыз болашақта да толыға берсін.Елбасы Н.Ә.Назарбаев көздеген еңселі елу елдің қатарына жетуге өздеріңіздің терең білімдеріңізбен үлестеріңізді қосады деп ұстаздар қауымы сіздерге сенім артады. Бүгінгі сабағымызды мынадай ұлы сөзбен аяқтағым келіп тұр:
Арыстандай арпалысып еңбектенген адамның қолына бақыт құсы өзі келіп қонады.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Буын үндестігі-оқу,ереже жаттау.
1.316-жаттығу.
2.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан үзінді жазу.
3.Әл-Фараби өмір жолдары,шығармашылығы жайлы реферат жазу.
4. «Ең бірінші байлығым –тілім менің» тақырыбында эссе жазу.