Сұрақтарды талқылау.
Күнделікті өмірде диаграммалар қай жерде қолданылады?
Диаграммалар не үшін қажет?
ҚБ: Мадақтау
Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. Дескрипторлармен танысу.
|
Үлестірме қағаздар
|
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпқа шолу.
Жаңа тақырыпты «Тыңдап отырған үштік» тәсілі арқылы меңгеру.
Топтық жұмыс арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмасы
Диаграмма – грек тілінен аударғанда «сурет», «бейне», «сызба» деген ұғымды білдіреді. Мәліметтердің арақатынасын көрнекі етіп көрсету үшін қолдан ылады. Диаграммалар арқылы мәліметтердің сандық айырмашылықтарын анық көруге болады. Диаграммалар дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларға бөлінеді. Дөңгелек диаграмма толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыра кескіндеу үшін қажет. Дөңгелек диаграммада дөңгелектің центрі болатын О нүктесінің айналасындағы толық (360°) бұрыш, шаманың құрамды бөліктеріне сәйкес бөлінеді; Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтықта орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары шамалардың сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады. Сызықтық диаграмма бағанды диаграмма секілді салынады. Тек бұл жағдайда шамалар кесінді арқылы көрсетіледі.
Статистика – жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы. Статистика кесте немесе диаграмма түрінде беріледі.Статистикалық тәсілдер экономикадағы, медицинадағы, биологиядағы, әлеуметтік ғылымдардағы және басқа да салалардағы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Мысалы, 2017 жылы Қазақстанда еліктің саны 152 мың болды. Бұл көрсеткіш еліктің жалпы саны 2016 жылмен салыстырғанда 40,9%-ға өскенін көрсетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |