Төменде берілген шағын тәжірибелерді орындап шығыңыз:
a) Стакандағы суды бөтелкеге құйыңыз, содан кейін мензуркаға құйыңыз.
Содан кейін суды осы үш ыдысқа бөліп құйыңыз.
б) Борды қолмен сындырып, бірнеше бөлікке бөліңіз.
c) Шприцпен: алдымен шприцті белгілі бір мәнге келтіріп, саңылауын саусақпен жауып тұрып, сығу. Сонан соң, ішіне сол көлемдегі суды толтырып, сығу.
Ойланып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Суды басқа ыдыстырға құйғанда, көлемі өзгерді ме?
2) Суды ыдыстарға бөліп құйғанда және борды бөліктерге бөлгенде бірдей күш
жұмсалды ма?
3) Неліктен газ оңай сығылады? Сұйық сығылмайды?
4) Газды ашық ыдыста сақтауға болады ма?
Тәжірибе нәтижесі мен сұрақтар төңірегінде ойланып, сұйықтар мен қатты
денелер және газдар құрылысындағы айырмашылықты ата.
|