Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру
орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы : Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
5 в сынып
Өткізген: математика пәні мүғалімі
Сарсенова Әдемі
Ақтау- 2014 ж
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: ақпараттық технология, деңгейлік тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, есептер жазылған плакат, бағалау парақтары, тест тапсырмалары жазылған карточкалар.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен танысу.
Ауызша есептер шығару арқылы сабақтың эпигафын анықтау.
Үй жұмысын тексеру . Толықтыруды қажет ететін тест.
Білімді бекітуге дайындық кезеңі. Графикалық диктант
Білімді бекіту. Деңгейлік тапсырмалар
Үйге тапсырма
Қорытындылау. Рефлексия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен таныстыру
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабақта жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту амалдарына есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылайсыңыздар. Бүгінгі сабақтың эпиграфын анықтау үшін мына ауызша тапсырмаларды орындап жауаптарын дұрыстап тауып , кестені толтыру керек. Тақтаға кезектесіп шығамыз.
Қосуды орында
( ауызша) (ұмтылар) (көрсең)
(айтсаң) (көзбен)
Достарыңызбен бөлісу: |