Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет36/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
Сағаттың деңгейі – 2сағат.

5.1Өндірістік жарақат алу

Әрбір жазатайым оқиға технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады. Кез келген жазатайым оқиғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап көрсетер болсақ, бұған қауіпті әрекет пен қауіпті жағдай жатады.

Өндірістік жарақат алудың себептерін жан-жақты талдау кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының жағдайы барынша объективті түрде бақылауға және апаттық жағдайды болдырмау немесе едәуір кемітудің пәрменді шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Қауіпті жағдай - өндірістік ортаның қабылданған нормаға сәйкес келмейтін күйі.

Әдетте жарақат алудың кез келген жағдайында қауіпті жағдай мен қауіпті әрекет көз алдымызда тұрады. Егер қауіпті әрекеттер бүтіндей адамға тәуелді болса,онда қауіпті жағдайлар машиналардьң жетілмегендігінің салдары болуы мүмкін.

Жарақаттану себептерін анықтау өндірістік шеберлік, тәртіп дәрежесі неғұрлым жоғары болса, адамның дені cay болса, жарақаттану жағдайлары соғұрлым сирек болады. Әрбір жарақат алуды өндірістік іс-әрекетпен тікелей байланысты түрде зерттеу әрі талдау керек.

Кәсіпорында болған барлық жазатайым оқиғаларды есепке алмайынша жарақат алуға қарсы күрес жүргізу мүмкін емес.

Жазатайым оқиғалар туралы акт жасау, оны тексеру және есепке алу

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу жөніндегі ереже бойынша бір күннен астам еңбекке жарамсыздыкда әкеп соқтырған әрбір жазата­йым оқиғаларға тексеруден кейінгі негізгі құжат болып табылатын Н-1 формасы бойынша жасалған акт.

Н-1 формасындағы актісі егер жарақаттанған адам өзі душар болған жазатайым оқиға жайлы жұмыс күні біткенше хабарламаса немесе егер еңбекке жарамсыздық бірден білінбеген болса, онда тек болған оқиғаның барлык жағдайларын есепке ала отырып, қызметкердің арызын жан-жақты тексерген соң, жарақаттың сипаты және оның себептері туралы медициналық анықтама, куәгерлердің түсініктемелері және баска дәлелдемелер болған жағдайда жасалады.

Әкімшіліктің акт жасаудан бас тартқан немесе зақымданған адам жазатайым оқиғаның актіде көрсетілген мән-жайларына келіспеген кезде, ол адам бұл мәселе жөнінде өтініш жасауына болады, ол кажет болған жағдайда техникалық инспектордың қорытындысын сұрата алады. 7 күн ішінде зақымданған адамның арызы каралып әкімшілікті орындауға міндеттейтін қаулы қабылдауына тиіс.

Жекелей жазатайым оқиғаны тексерген кезде кәсіподақтын, техникалық инспектордың қатысуы қажет емес; бір топ адам жазатайым оқиғаға ұшырағанда не­месе жазатайым оқиға кезінде адам өлімі не ауыр зардаптарға соқтырса, оның қатысуы міндетті болады.

Кәсіподақтық техникалық инспекторы осы ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің (жергілікті комитеттің), сондай-ақ жоғарғы шаруашыльқ органының өкілдерінің қатысуымен жазатайым оқиғаның себептерін 1 күннен артық емес мерзімде тексеріп, акт жасауға міндетті.

Егер қажет болса, кәсіподақтың техникалық инспек­торы ұйымның әкімшілігінен (ұйымның есебінен) тексеруге қатысуға залалданған объектінің, жазатайым оқиға болған орынның, т.б. фотосуретін түсіру үшін маман-эксперттер шақыруды талап ете алады.

Техникалық инспектор уақытында келе алмаса кәсіпорынның әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөнінде комиссия тағайындайды. Комиссия акт жасайды, ол акт соңынан техникальқ инспекторға қорытынды шығаруға беріледі.

Мемлекеттік қалальқ техникалық кадағалауды немесе энергетикалық қадағалауға бағынышты нысандарда болған жазатайым оқиғаларды осы нысандарда қызмет ететін инспекторлар (бақылаушы инженерлер) кәсіподақтың техникалық инспекторларымен бірлесіп тексереді.

Актіні толтыру кезінде бұдан былайғы жерде жарақат алуды болдырмау жұмыстары осы кұжатты өңдеу және талдау негізінде жүргізілетіндігін есепке алу керек. Онда жарақаттанған адам мен куәгерлердің түсініктемелері негізінде жазатайым оқиғаның болу жағдайы, бейнелеуі, оқиға болған кезіндегі өндірістік жағдайының сипаттамасы берілуі, жарақат алған адам жайлы қажет мәліметтер (мамандығы, өндірістегі жұмыс стажы, қауіпсіздік шараларын білу дәрежесі, т.б.) болу керек.

Н-1 (жазатайым окиға егжей-тегжейлі жазылған) актісінің №14 пунктін ерекше дәл әрі анық толтыру ке­рек, өйткені жазатайым оқиғаның негізгі себептері осылар арқылы аньқталады. Мысалы, жаракаттанған адам жазатайым оқиға болған кезінде қандай жұмыс істеп жатқанын, қай жабдықпен жұмыс істегенін, еңбек жағдайы мен машина (жабдық, аспап) қауіпсіздік техникасының талаптарына сай келе ме, құрылыстың ерекшелігі бойынша қарастырылған сақтандыру және қорғау құрылғылары болды ма, және олар пайдаланылды ма, жарақаттанған адам (немесе басқа адам) қандай қауіпті қимыл жасалатын өндірістік жағдайдың күйі - шу, діріл, жұмыс орнының жарықпен қамтамасыз етілуі, ауаның күйі, жарақаттанған адамның жазатайым оқиға болған кезіндегі айналадағы заттармен салыстырған кездегі қалпы мен орны; қандай жарақат алған және немен жарақаттанғанын көрсету қажет, т.б.

Жазатайым оқиға туралы актіні кәсіпорынның бас инженері бекітеді және ол жарақат алудың себептерін жоюды көздеген актіні бір-бір данадан цех бастығына (сәйкес учаскенің жетекшісіне), кәсіподақ комитетіне және кәсіподақтың техникалық инспекторына жібереді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу жөніндегі ережелерге сәйкес ұйымның (кәсіп-орынның) аумағында болғанын әкімшіліктің тапсырмасымен ұйымның аумағынан тысқары жерде істелген жұмыс кезінде болғанын ұйымның, кәсіпорынның көлігімен жұмыс орнына әкелінетін және үйлеріне қайтатын жұмысшылар мен қызметкерлер жарақаттанатын болса, жазатайым оқиғалар тексерілуге тиіс. Жұмыс уақытында (ұзілісті қоса есептегенде) сонымен бірге жұмыс соңынан, сондай-ақ демалыс және мереке күндері істелген жұмыс кезінде болған жазатайым оқиғалар тексерілуге жатады. Ережеге сәйкес қызметкер денсаулық жағдайына байланысты емдеу мекемесінің қорытындысы бойынша бастапқы еңбекке жарамдығын қалпына келтіргеннен кейін, негізгі жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылған кезде, оның кәсіби сырқатқа бірте-бірте шалдығу жағдайлары тексеріліп еске алынады.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың белгілі бір тізімі жоқ. Сондықтан әрбір жазатайым

оқиғаға баға беру нақты жағдайды есепке алу арқылы іске асырылады.

Өндіріске байланысты болған оқиғалар деп кәсіпорынның аумағында еңбек міндетін атқарып

жүрген кездс болған оқиғалар есептеледі. Кәсіпорынның аймағы дсп оның орналасқан жер

учаскесі айтылады.

Залал шеккен адамның өзіне жүктелген тапсырманы орындау кезінде болған жұмыс орны - өндіріс аумағы болып табылады. Мысалы, егер жарақат алған адам жазатайым оқиға болған мезетте, басқа жұмыс орнынди немесе қоймаға өзінің негізгі өндірістік жұмыс орнынан жіберілген болса, ол жұмыс орны немесе қойманың өндірістік аймағы деп есептеледі. Мұндай жағдайда мертіккен адамның қайда жарақаттанғанына - жол жүріп келе жатқанда немесе тікелей жұмыс орнында жарақаттанғандығына мән берілмейді. Мұндай жазатайым оқиға өндіріспен байланысты, сондықтан тексеруге жатады.

Егер қызметкер жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан кезінде немесе жұмысқа келе жатқан кезде кәсіпорыннан тысқары жерде жарақаттанатын болса, онда ережеге сәйкес егер мертіккен адам кәсіпорын берген көлікпен келе жатса, көліктің кімдікі екендігіне қарамастан ол оқиға тексеріледі.

Егер залал шеккен адам қалалық көлікпен, жекеменшік автомобильмен, мотоциклмен, велосипедпен немесе жаяу жүрсе, онда жолдағы жазатайым оқиға өндірісте болған оқиға деп есептелмейді.

Көпшілік жағдайда қызметкер кәсіпорын көлігімен жұмысқа келе жатқан жолда душар болған жазатайым оқиғаны есепке алу немесе алмау апатқа ұшырауына көше қозғалысы ережесін бұзған басқа бір машинаның жүргізушісі себепші болса қалай бағалауға болады деген сұрақ жиі туады. Қызметкер жарақатты жұмысқа келе жатқан жолда немесе кәсіпорынның транспортына жұмыс істеп отырған кезде алғандықтан жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деп бағалану керек.

Қызметкерлер ұжымына экскурсиялар өткізуге, туристік саяхаттар жасауға, саңыраукұлақ теруге немесе балық аулауға баруға берілген көлікте жол-жөнекей бол­атан жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деп есептелмейді. Ол оқиғаға кез келген реформада акт жасалады да ереже бойынша емес, жалпы негізде тексеріледі.

Еңбек тәртібін бұзумен, қызметкердің өз бетіндік қауіпті әрекетімен тікелей байланысты болған жазата­йым оқиғаларды жұмыспен байланысты оқиғалар деп бағалау керек.

Өндіріспен байланысты жазатайым оқиға ұғымы жұмыспен байланысты жазатайым оқиға ұғымынан әлдеқайда кең. Бірақ, кәсіпорынның жұмыс уақытында болған окиғалардың өндіріспен байланысты емес деп бағаланатын жағдайлары болады.

Мұндай жағдайларда жазатайым оқиғалар жұмыспен байланысты деп есептелінеді. Еңбек міндеттерін орындау кезінде (ресми сапар уақытында), кәсіпорындардың немесе мекемелердің мүддесі үшін жасалған кез келген әрекеттер кезінде, тіптен бұлар әкімшіліктің тапсыруынсыз істелсе, дереу жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан қайтып келе жатқан жолда болған, белгіленген үзілісті қоса есептегенде, сондай-ақ жұмыс басталар алдында немесе жұмыс соңында өндіріс құралдарын, киімдерді, т.б., тәртіпке келтіру үшін қажет уақытта кәсіпорынның, мекеменің немесе басқадай жұмыс орындарында болған, егер ол жерлерде болу ішкі еңбек тәртібі ережелеріне қайшы келмесе, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ кәсіподақ немесе басқадай қоғамдық ұйымдардың арнайы тапсырмаларын орындау кезінде болған, тіптен бұл тапсырмалар негізгі жұмыспен байланысты болмаса да, адам өмірін аман сақтап калу, сондай-ақ заңдылықты сақтау кезінде Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындау кезінде болса, жазатайым оқиға мынадай жағдайларға өндіріспен бай­ланысты болған деп есептелмейді: егер әкімшіліктің рұқсатынсыз жұмыс істелінсе кәсіпорынның меншігіндегі жабдықтарды, аспаптарды, транспорттық құралдарды ұрлау кезінде болса, мас күйінде жұмыс істеген (егер мас болу өндірістік залалдан тумаса) болса.

Еңбектің тиімділігі мен қауіпсіздігі көп жағдайда адамның физикалық, әлеуметтік және биологиялық сапалар жиынтығына байланысты, бұларды жұмысшының таңдаған мамандығына сәйкес келуін анықтау кезінде міндетті түрде ескеру керек.

Кез келген жарақат алу, әдетте апаттың, күрделі жағдайлардың нәтижесі болып табылады, оның салдары көбінесе адамның тәртібіне, оның төзімділігіне, ұстамдылығына, өз-өзіне сенімділігіне байланысты.

Өзінің өндірістік міндетті ісін белсенді түрде, бар ынтасымен орындайтын адамдардың сирек жарақаттанатыны байқалған. Ынжық әрі жинақы емес жұмысшылар апаттық жағдайларға жиі ұшырайды. Олар апатты жағдай мен ақаудың тууына кінәлі болып табылады. Ұжымда ынтымақтың болмауы, алауыздық пен ұрыс- керіс жұмыс істеушілердің назарларын басқа жаққа аударады, олардың дәл қимыл жасауына кедергі келтіреді, осылар жазатайым оқиғалардың болуына жиі әсерін тигізеді. Сондықтан қауіпсіздік техникасының нұсқауына «егер сен басқа бір жұмысшының қауіпсіздік шараларын бұзғанын байқасаң немқұрайлы қарамай, оны қауіптен сақтандыр» деп айтылған.

Ұжымшылдық, адалдық, принциптілік жеке адамнын, қоғамдық мінез-құлқының құрамды ерекшелік белгісі болып табылады, бұл белгі басқадай сапалармен қатар еңбекке деген саналылықтың дәрежесін анықтайды.

Мінез-құлқында ұстамдылық, талпынушыльқ, табандылық, батылдық, тәртіптіліктің болмауы адамдарды жігерсіз, еңбектің дұрыс тәсілдерін үнемі бұзгыш етеді. Мұндай адамдар жиірек жарақат алуға бейім болады.

Алкоголь адам мінез-құлқының барлық негізгі ерекшеліктерін нашарлатады, назарын әлсіретеді, ойды, алғырлық пен есті тандырады, жұмысшыны жазатайым оқиға мен кәсіби ауруларға барынша бейімді етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет