Тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбекті қорғаудағы негізгі заңдары.
Сағаттық деңгейі- 2сағат.
2.1 Еңбекті қорғау туралы заңдар
ҚР Конституциясының 1-ші бабында «ҚР өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінсе, ал келер бабында « Республика азаматының қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай A еңбек жағдайына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану құқы бар» делінген.
Еңбекті қорғау заңындағы негізгі ұғымдар /терминдер мен анықтамалар/.
Еңбек Заңында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау— өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жәй-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек
жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
Достарыңызбен бөлісу: |