Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Кәсіпорындарда еңбек қорғау шараларын ұйымдастыру



бет41/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
Кәсіпорындарда еңбек қорғау шараларын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңында жұмыскерлердің денсаулығы мен еңбек жағдайын қорғауды қамтамасыз ету жауапкершілігі, еңбекті қорғаудың бақылау жағдайын ұйымдастыру шаралары жұмыс берушілерге жүктеледі. Олар жұмыскерлерді арнайы киімдермен, аяқ киімдермен, жеке қорғаныс құралдарымен, жуу мен дезинфекциялаушы материалдармен, сол сияқты емдеу-сақтандыру н/се дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б. міндеттейді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ғылыми ұйымдастырулар, еңбекті жақсартудың негізгі бағыттарын және мекеменің өз саласындағы еңбекті қорғау әрекетінің номенклатурасын министрлік пен ведомства кәсіби одақпен біріге талдап бекітеді. Қосымша номенклатураға еңбек шарттары мен қорғанымын жақсартатын әрекеттер кіреді. Бұл әрекеттер ұжымдық келісім шартта көрсетілетін техника-ұйымдастырушылық әрекеттер жоспарына кіреді. Еңбекті қорғау әрекетінің жоспарында әрекеттерді орындау мерзімі, жауапты тұлға, қаржыландыру көзі мен мөлшері нақты көрсетілуі тиіс.Еңбекті қорғау жөніндегі келісім – талданған еңбекті қорғау әрекеті туралы негізгі құжат.

Арнайы еңбек заңы жұмысшылар мен қызметшілердің ерекше еңбек шарттарымен берілген халық шаруашылығының мамандығы саласындағы немесе жұмыстағы еңбегін реттейді.

Белгілі бір кәсіпорын қызметкері еңбек шартын бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылады.Кәсіпорындағы еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру барысы «Қазақстан Республикасының кодексіне» сәйкес міндеттемелерінде, кәсіпорынның жұмыс шарттарында, Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай болуы тиіс,әрбір жұмыс орыны еңбекті қорғау қауіпсіздігінің ережелері бойынша жасалуы керек

Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне, н/се ауруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жазатайым оқиғаны тексерудің мақсаты- болған оқиғаның нақты себебін анықтау, оның қайталанбасы үшін алдын алу іс-шараларын жүргізу,зақымданған адамға медициналық, қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсету болып табылады.Комиссия құрамы жұмыс берушіден бастап кәсіподақ ұйымы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.Бұйрықты жұмыс берушінің өзі береді.Жазатайым болған жағдайды тексеруге кәсіподақ ұйымы комиссия мүшесі ретінде қатысып қана қоймай, өздіктерімен тексеру жүргізе алады. Егер келіспеушілік туып екі жақ арасында дау-дамай орнаса соттың араласуымен қаралады кәсіподақ ұйымының жинаған материалына жүгінеді.Тексеру барысында қатаң талап қойылады,оқиға болған күннен бастап үш күн ішінде тексеріліп бітуі қажет, куәгерлерден сұрау алып, еңбекті қорғаудан жіберілген нормативтік құжаттарға байланысты қателіктердің бар-жоғы анықталады.Дәл осындай жағдайда тексерудің мүмкіндігі жеңілдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет