еңбек қауіпсіздігі — еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлі болдырмайтын іс—шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғану жәй-күйі;
еңбектің қауіпсіз жағдайлары — қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтьін, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;
өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;