еңбек жағдайларының нормативтері—еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық және өзге де талаптары бар нормативтер;
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор — ұйымның кәсіподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
қауіпті өндірістік фактор — әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
еңбекті қорғау—құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;
Достарыңызбен бөлісу: |