қызметкерлер өкілдері — қызметкерлері уәкілеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері ал олар жоқ болғанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;
өндірістік жабдық —машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болдырмайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
кәсіби ауру — қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе тұрақты ауруы (не оның ұрпақтарының денсаулығына әкеп соғатын жағдайлар);
жұмыс орны—қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны;
арнаулы киім — қызметкерді зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап;