Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет72/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Сағаттың деңгейі – 2сағат.

Сабақтың мазмұны: - жұмыс орнының жарықталығы; жұмыс жарықтығының біркелкі берілуі; жұмыс орнының дұрыс жарықталмауы көздің көру қасиетінің бұзылуына соқтыруы; жұмыс орнын жарықтандыру кезінде жарық көздерін дұрыс таңдау және оларды жұмыс аймағына қатысты ыңғайлы орналастыру.

Сабақтың мақсаты: -өндірістік жарықтандырудың сандық және сапалық көрсеткіштерін сипаттай білумен қатар жасанды жарықты есептеу әдістерін оқып үйрену

Өз бетінше дайындалатын сұрақтары:

1.Өндірісті жарықтандырудың қандай жолдары бар?

2.Табиғи және жасанды жарықтылыққа әсер ететін факторлар?

3.Қандай табиғи және жасанды жарықты есептеу әдістерін білесіз?

13.1 Жарықтандырудың негізгі сипаттамалары

Жарьқтаңдыру шартының сипаттамасын анықтау үшін жарықталыну ұғымы енгізілген, ол жарық көзінен бір өлшемді ауданға келіп түсетін жарық ағымына тең және люкс ішкі өлшемімен өлшенеді. Жарықтандыру жарықтығы шаршы метрге келетін канделамен (кд/м) өлшенеді. Еңбек ету кезінде жұмыстың беттердің жарықталыну жарықтығының өзгерісі аса үлкен болуы немесе біркелкі жарықталмауы көздің тез талуына және көздің дұрыс көруінің бұзылуына әкеп соғады. Сондыктан жұмыстың беттерді жарықтандыру кезінде жарык, көздерін дұрыс таңдау және оларды жұмыстық аймаққа қатысты ыңғайлы орналастыру қажет.

Ең қолайлы жарык, сәуле-табиғи жарық сәуле болып табылады. Табиғи жарықтанудың біркелкі болмауы себепті ол абсолюттік шамамен, люкспен емес, салыстырмалы сан-табиғи жарықталу коэффициенті, яғни бөлменің ішіндегі кезкелген нүктенің абсолюттік жарықталуының бөлме сыртындағы көлденең бет нүктесінің бір мезгілдегі абсолюттік жарықтануына қатынасымен өлшенеді, әрі пайызбен өрнектеледі. Табиғи жарықталыну коэффициенті санитарлық нормада (СН 245-71) көрсетілген кестеден табылады.

Е=Есырт/Еішкі*100, %

Қыздыру шамдары немесе люминисценттік шамдар жасанды жарьқ көздері болып табылады.

Жұмыс орындары жалпылама, жекелей және осы екеуі аралас тәсілмен жарықтандырылады. Жарықтандырудың түрі нақты бөлмеден істелетін жүмысқа байланысты таңдалады.

Жасанды жарықтандыруда бөлменің кез келген нүктесінің жарықталуының табиғи жарықтанудағыдан айырмашылығы оның люкспен өрнектелетін абсолюттік шамамен сипатталатындығында.

Жарық ағыны бағытталып таралу үшін, сонымем бірге нақты бөлмеде істелетін жұмыстың сипатына байланысты қыздыру шамдары арнайы "Универсал", "Глубокоизлучатель", "Альфа" типті, герметикалы (ФИ)

типті), шаңнан, судан қорғайтын, ПВ типті, қопарылыстан қорғайтын ВЗГ типті және люминесценттік шамдарға арналған ОД, ПВЛ, ВОД типті арматуралармен жабдықталады.

Электр шамы қорғағыш арматурасымен бірге шырағдан, шырақ деп аталады. Қалыпты түрде жарықтандыру үшін шырағдан қуатына сәйкес белгілі бір биіктікке орнатылады. Қуаты 200 Вт қыздыру шамдары салынған шырағдан 2,5 метрден 4 метрге дейінгі биіктікте орна­тылады. Бір арматурада саны төртке дейін люминесцентті шам болғанда ең төменгі іліну биіктігі 2,5 метр­ден 4 метрге дейін болып есептелсе, шамдар саны төртеу және одан көп болғанда - 3,2 метрден 4,5 метрге дейін болуы керек деп есептеледі.

Жарық көзін барынша тольқ пайдалану үшін электр шамдарын, жарықтандыру арматурасын және терезе әйнегін тазалап сүртіп отыру қажет, себебі олар кірлегенде жарық ағынның 20 пайызын сіңіріп алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың терезелерін қажетті та- залықта үстау орташа шамамен алғанда табиғи жарықпен жұмыс істеуді 2 сағатқа ұзартады.

Әйнекті кірден тазарту үшін әр түрлі жуғыш заттар пайдаланылады. Мысалы, жөндеу шеберханаларының терезелерін жуу үшін мынадай құрамды ерітіндіні үсынуға болады (литр есебімен): керосин - 0,5: кальциленген соданың 20 пайыздық ерітіндісі - 2,5: 20 пайыздык, сабынды су - 2,5; хлорбензол-5; су — 0,01.

Люминесценттік шамдармен жарықтандырғанда жарықталыну нормасы 2-2,5.

Санитариялық норма бойынша түнгі уақьггта атқарылатын механикаландырылған жұмыстардың кейбір түрлері үшін жарықталыну деңгейі қарастырылған.

Жарықталыну арнайы құрал - люксметрмен анықталады. Ол фотоэлементтен, гальванометрден және жалғастыру өткізгіштерден құралған. Өндірісте Ю-16 люкс­метр көп таралған. Мұнымен 100 немесе 500 лк жарықталынуды өлшеуге болады. Жарықталынуды әлшеу үшін құралды фотоэлементтік заттың бетіне қояды немесе жарықталынуы өлшенетін кеңістікте бос ұстайды да гальванометрдің шкаласы бойынша жарықталынудың шамасын жазып алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет