Сабақ тақырыбы : Көбейту және бөлу 178×4, 712÷4



Дата20.06.2018
өлшемі21,11 Kb.
#43838
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Көбейту және бөлу 178×4, 712÷4

 


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгереді. Логикалық тапсырмалар арқылы ой-өріс, есте сақтау, зейін, тез есептеу дағдылары дамиды. Ойын ойнау барысында шапшаңдыққа, білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Әдіс тәсілдер 

Оқу мен  оқытудағы жаңа әдістер. Диалог.Жұптық жұмыс

Күтілетін нәтиже

 


Көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгерген, амалдарды орындай біледі, тексере алады. Жұптық жұмыстар жүргізеді.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құралдар

        3 мин

Психологиялық дайындық. 

«Тілек шоғы» (партадағы көршілер бір-біріне тілек тілейді)

–Ал менің сендерге не тілейтінімді білгілерің келсе, мына өрнектерді шығарып беріңдер

100-25=с   59-49=л  84+13=ы

75-10=н    67-60=у   32-31=қ

88-77=е    50+40=а   80-76=д

-міне, менің тілегім, басты байлық –денсаулық.



Жұпқа бөлу

«Жыл мезгілдері» жаттығуы.

Балалар,  әрқайсысыңның  жеке меншік мерекелерің бар, ол қандай мереке? Әрине жылына бір келетін туған күн мерекесі. Әрқайсымыздың туған күндеріміз әр мезгілде болады.Ендеше,  жыл мезгіліне байланысты жұптасып отырыңыздар.



 

Өрнектерді шығарады

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Оқушылар өздерінің туған күндеріне байланысты жұптасады. Мысалы: Сетер –қыркүйек, Қарақат –мамыр – бір жұп, Ажар-қаңтар, Нұрсұлтан-желтоқсан-бір жұп.



 

Шаттық  шеңбері

  3 мин

Өткен  сабақты пысықтау.

Ойын.«Дұрыс және дұрыс емес пайымдау»  Белгі карточкаларын пайдалану.Қызыл-«жоқ», жасыл-«дұрыс», сары-«білмеймін»

Тақтада жазбаша көбейту мен бөлудің амал түрінде орындалуына мысалдардар ұсынылады, оқушылар дұрыс, қатесін белгілер арқылы көрсетіп, орындалу ретін түсіндіреді.

Белгі карточкалары

      3 мин

Қызығушылықты  ояту. 

Ойын:«Сен және мен». Жұптарға берілген тапсырманы 1-оқушы орындайды, ал 2-оқушы тексеруін орындайды. Әр оқушы қалай орындалғанын түсіндіреді.

Өрнектер құр және мәнін тап



Логикалық есептер:

 


1-жұпқа:

1 жүзд.7ондық.8бірлікті 4 есе арттыр

8жүзд.1онд.6бірл. 6 есе кеміт

2-жұпқа:


7 жүзд.1онд.2бірл. 4 есе кеміт

1жүзд.3онд.9бірл. 7 есе арттыр

 

 






               10 мин

Оқулықпен жұмыс.

1.Есепті шығар

1.Есепті талдау

(әр жұптан 2-оқушыға стикер жабыстырып тақтаға шығару)

132×4÷3 өрнегіне сәйкес есеп құрастыр және шығар

Дәптермен жұмыс


Стикер жабысқан оқушы тақтада тапсырманы орындайды.

 

 



 

Күн ретін жазу

Берілген тапсырманы дәптерге орындау


Стикер, смайлик

6 мин

2. «Ойлан, жұптас, талқыла».

3 тапсырманы жұптасып орындайды

 


тапсырманы екі-екіден бөліп орындайды.мМvvМм9МV,`VVчvvvммінездімм

Дәптер, оқулық

 

 



3 мин

Сергіту  сәті

Үш тілділікті қолдау мақсатында санай отырып, қолды, иықты, аяқты түйістіру.



Қол, иық, аяқ моторикасын дамыту жаттығуларын орындайды. Сандарды ретімен қазақша-орысша-ағылшынша үш тілде айта отырып, орындайды.

Музыка

            3 мин

«Кел ойнайық?»

Оқулықта берілген кестені толтыру

 


Берілген кестені ауызша толтырады

 


Кестемен жұмыс

4 мин

Конверттегі тапсырма

Конвертте жасырылған тапсырмаларды орындау, жариялау.

 


1-жұпқа:Шаршының периметрі 24 см. Оның  ауданын тап

№7 есептің а бөлігі

2-жұпқа: жүздіктері 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз.

684, 579, 786, 648, 759, 768

№7 есептің б бөлігі


Конверттегі сұрақ

      3 мин

Қорытынды.  «Сиқырлы таяқша» Ортаға 3 таяқ тасталады,оқушылар музыка ырғағымен айналып жүреді, тоқтағанда таяқшаны алып үлгеру керек. Таяқсыз қалған оқушыға біреуі тақырып аясында сұрақ қояды. Осылай таяқ саны кеміп, соңында жеңімпаз анықталады.

Сұрақ нақты қойылады, әр оқушы жауап беруге тырысады.

Музыка

Таяқшалар



3 мин

Бағалау. Әр әдіс кезінде берілген смайликтер саны арқылы, сабаққа белсене қатысқанына қарай   бағалау

Әр топқа сабақ барысында берілген смайликтер санына қарай бағалау.Жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.




2 мин

Үйге тапсырма

№4 және жасыл қоршаудағы тапсырма

Күнделік

   2 мин

Рефлекция

«Чемодан, еттартқыш, себет».

Чемодан-бұл маған қажет, еттертқыш-әлі де есептер шығаруым керек, себет-бұл есептер маған қажет емес



Чемодан, еттартқыш, себет
















 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет