Стандартты және бейстандарт функция дегеніміз не?
Функция мен процедура айырмашылығы.
Қорытынды:
Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады.
Жұмысының нәтижесі бір ғана мәнді анықтайтын оператор тізбегі функция деп аталады.
Бейстандарт функциялар мен процедуралар VAR бөлімінен кейін сипатталады.
Функцияның Процедурадан екі айырмашылығы бар.
Функция аты өрнектердің аргумент ролін атқара алады;
функция орындалған соң программаға тек бір ғана мән беріледі.
Функциялар мен процедуралар 1 дей қасиет түйінді сөзерінен кейін міндетті түрде тыныс белгілері қойылады. ;
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Салынған циклдер.
3 немесе 4 бүтін санды қосу,азайту прогаммасын жазып келу.
19 .11. – 23.11. 2015 жыл
9 «а», «ә», «б», «в», «г», «ғ»
Сабақтың тақырыбы: Массивтер (жиымдар). Бір өлшемді жиымдар.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі Дамытушылығы Тәрбиелігі
Оқушыларға кестелік шамалар, алгоритмдегі кестелік шамаларды Паскалда программалау жолы мен әдісдері туралы түсінік қалыптастыру. ARRAY операторы арқылы программалауды үйрену, пысықтау. Бір және екіөлшемді жиымдар туралы ұғым қалыптастыру. Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орындау. Оқушыларды программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: Cөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: ДК, программа Pascal, Activstudio, тест
Кілттік сөздер:
информатика, массив, массив элементі, массив аты, массив индексі, компьютерде тапсырма орындау, Pascal программасында тапсырма.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Сабақ сұрау
3) Жаңа сабақ
4) Практикалық жұмыс
5) Тапсырма орындау
6) Сабақты бекіту
7) Үйге тапсырма
8) Қорытынды
Үй жұмысы: Циклдің ілесу шарты. Repeat операторы.
Жаңа сабақ
Кестелер
1. Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:
Натурал сандар тізімі 1,2,3,...,N жазылуы N[1..N]
Нақты сандар 2, 3.5, -7,11, 0, 91, 0, 9, -75, 0,...,0.005 NC[1..N]
Оқу орындары мектеп, лицей, колледж, университет,..., магистратура ok[1..n]
Бұл мысалдарда тізімде кілең біртекті элементтер жазылған. Асты сызылған сөздер тізбектік атауларын береді. Атауды латын әріптер тізбегімен де көрсетуге болады.
Нақты сандар кестесін қарастырайық.
i 1 2 3 4 5 6 7 8 … n
nc 2 3.5 -7.1 0 91 -75 0 0.05 8.8 -9.81
мұндағы nc –жиым элементі, і – жиым элементерінің реттік нөмірі, оны индекс деп те атайды.
Мысалы: nc[2] =>3.5,
nc[4..6] =>{0, 91, -75}
Кестенің (массивтің) екі түрі бар:
Сызытық кесте – элементтері бірінен кейін-бірі (жол бойында) немесе бір-бірінің астына (баған бойына) орналасады. (математикадағы прогрессиялар, оқушылар тізімі...)
Тік төртбұрышты кесте– элементтері баған мен жолдың қиылысында ұяшықтарда орналасады. (көбейту кестесі, сабақ кестесі
Жиым - бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.
Жиымды сипаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады.
Оның жазылу пішімі:
type = array[] of ;
var : ;
мұндағы array (жиым),of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;
[]-real, integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайданылады; - құраушылар (элементтер) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.
Жиым элементтеріне қол жеткізу үшін оның индексі пайдаланылады. Индекс элементтің қай жерде тұрғанын анықтайды. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Жиым типтер бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:
var :array [] of
[];
Мысалдар:
type
Klass =(K1,K2,K3,K4);
Znak =array[1..255] of char;
Var
M1:Znak; {Znak типі типтер бөлігінде анықталған}
M2:array [1..60] of integer;{М2 жиымын тікелей сипаттау}
M3:array[1..4]of Klass;
Mas:array [1..4] of integer;
Lit:array [char] of real;
Ogr:array [5..15] of char;
Bol:array[boolean] of integer;
A:array[1..5] of real;
Aj:array[қаңтар,...,желтоқсан] of integer;
Практикалық жұмыс:
І. Х массивіне байланысты сұрақтарға жауап беру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
-5 6 -3 4 9 7 3
1. Массив аты______________________________________
2. Массивтің сипаттаңдар _____________________________________________________
3. Массивтің жұп элементтері номера ___________________________________
4. х[3]= х[1]+х[8] __________________________________
5. х[7]= sqrt(х[6]) __________________________________
6. Массивтің тақ элементтері номера ______________________________________
Есеп 1: 5 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құралық.
PROGRAM ORTA;
Var
X:array [1..5] of integer; {массивті сипаттау}
I:integer;
S:real;
Begin
S:=0;
Writeln(‘бос орын арқылы 5 сан енгізіңдер:’);
For i:=1 to 5 do
Begin
Read(x); {массив элементтерін енгізу}
S:=s+x; {массив эл-нің қосындысын есептеу}
End;
S:=s/5; {арифметикалық ортасын есептеу}
Writeln(‘s=’,s:5:2); {нәтижені баспаға шығару}
End.
Бекітуге: Бақылау сұрақтарын қоямын
1. Жиым деп нені айтады?
2. Паскаль тіліндежиымдар қалай сипатталады?
3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
4. Индекс дегеніміз не?
5. Жиым элементтері мен индекстренінің типтері қандай болуы тиіс?
Үйге тапсырма: 5.4 №2 есеп
21 .11. – 24.11. 2015 жыл
9 «а», «ә», «б», «в», «г», «ғ»
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс . Массив
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
2.Тақырып бойынша білімдерін дамыту, операторлар қызметін ажырата білуді, оқушылардың ақпараттық мәдинетін арттыру, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды жүйелілікке, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Ізденіс, проблемалық, зерттеушілік
Көрнекiлiк: таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар, дербес компьютер, бағалау картасы.
Сабақтың ақпараттық картасы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Ой шақыру-фронтальді тренинг
ІІІ. Сабақтың дайындық кезеңі-сиқырлы сандар
IV.Сабақтың негізгі кезеңі
V. Рефлексивтік кезең
VI. Білімді есепке алу блогы
VII.Оқушы шығармашылығы
VIIІ. Ақпараттық кезең
ІХ. Тарих дөңгелегін айналдырсақ…
Х. Қорытынды Оқушыны бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Ой шақыру-фронтальді тренинг
I деңгей
1. Массивтер деп нені айтамыз,қандай түрлері бар?
2. Паскаль тілінде массивтер қалай сипатталады, олардың құрамы қандай?
3. Массивтердің элементтері мен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
II деңгей
Семантикалық картаны толтырыңыз:
1. Кесте сызықты деп аталады, егер_____ _____ ______ ____
2. _____ , _____, ______ күрделі типтер болады.
3. 5 элементтен тұратын А массивін сипатта:____ ____ ____ ____ _____
ІІІ. Сабақтың дайындық кезеңі-сиқырлы сандар
(ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
1 – санына: а1:=‘мектеп’ дегендегі а1 шамасының типі қандай?
2 санына: for k=1 to 4 do y:=sqr(k); циклінің мәні?
3 санына: x=9; if x>2 then z:=x else x:=sqrt(x) есепте.
IV.Сабақтың негізгі кезеңі-практикалық жұмыс
Оқушылар өз топтарына берілген есептерді Паскаль тілінде программа құрып, оны Турбо Паскаль ортасына нәтижесін алу қажет.
І топ
№1. Нақты сандардан тұратын бірөлшемді аі жиымы берілген.Жиым элементтерін кері орналастыр. (i=1,2…5)
№2. Сызықты Х массиві берілген. Х-тің элементтерінің оң және теріс мәндерін жеке екі массив құру
ІІ топ
№1 . а1, а2, а3 … а n массив эементтерін өсу реті бойынша реттеп жаз.
№2. 100 элементтен тұратын А массивінің элементтерін кему реті бойынша
орналастыратын бағдарлама құру
V. Рефлексивтік кезең
Оқушылардың тапсырманы сапасы мен деңгейін талдау кезеңі. Қатемен жұмыс.
VI. Білімді есепке алу блогы
Бұл кезеңде «KZINFORM» электронды оқулығынан өтілген тақырыпқа сай, тест жұмысын орындайды.
VII.Оқушы шығармашылығы
Қызықты информатика әлемінде блиц-сұрақтар беру.
(Дайындаған 9 сынып оқушысы Орахов Н )
ü Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған құрылғы.
ü Программалау тілінің авторы?
ü Жиымдардың типін программада сипаттау операторы?
ü Шектеулі ти дегеніміз не?
ü Тұрақты және айнымалы шамалардыңайырмашылығы неде?
Қанша тілді білесің?
(Дайындаған 9 сынып оқушысы МухлисоваД )
1. Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
2. Сурет салу құралы
Қатеңді түзетіп тұрады
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.
(курсор)
4. Төртбұрышты әйнек,
Толып тұрған әлек. (монитор)
5. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер. (бит)
VIIІ. Ақпараттық кезең
Үй тапсырмасын беру.
ü 5.4 тақырып. 4 есеп (стандартты тапсырма)
ü Жеке оқушыларға өтілген тақырып бойынша бейнесөз құрап келу ұсынылды. (стандартты емес тапсырма)
ІХ. Ой түйіндеу. Қорытындылау
Екі жақты бақылау күнделігі
Тақырыптың маған әсер еткен жері
|
Несімен әсер етті?
|
|
|
Х. Тарих дөңгелегін айналдырсақ…
«Адамның даңқы-оның ойлау қабілетінде» деген ұлы физик, бүгінгі программалау тілі, «арифметика королі» Блез Паскаль (1623-1662) туралы айтып өту.
Басқа есептеу машиналарына қарағанда, арифметикалық машина бұрыштап орналасқан ось бойынша есептелетіндігімен ерекшеленеді.
Бұл машинаны 1642 жылы атақты француз ғалымы, математигі, физигі, философы Блез Паскаль жасады
ХІ. Оқушыны бағалау.
Интерактивті тақта арқылы бағалау парақшасы толтырып, сыныптағы оқушылар түгелге жуық бағаланады.
26 .11. – 30.11. 2015 жыл
9 «а», «ә», «б», «в», «г», «ғ»
Сабақтың тақырыбы: Массив өңдейтін стандартты алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты: А) білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында жиым көмегімен берілген есептерді шығаруды, есептерге программа жазуды үйрету.
Б) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру
С) тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін - өзі сенімді болуға баулу.
Оқушы білуі қажет: Массивке берілген есептерге программа жазуды.
Оқушы меңгеру
керек: Массивтің көмегімен есептерді шығару, программа жазу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын пед. технология: Дамыта оқыту технологиясы /ДСОТ/
Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
Оқыту әдіс - тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Қолданылатын техникалық
құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі: Дінисламов «Pascal бағдарламалу ортасы»
Ермеков «Есептеуіш техника негіздері»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру
ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау
Кубизм» әдісі
1 қыры: Құрылымдық типтерді ата.
2 қыры: Программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды қалай атайды.
3 қыры: Алгоритмді графикалық тәсілмен бейнелегенде төмендегі блок - схема түрінің негізгі әрекеті.
4 қыры: Паскаль тіліндегі логикалық айнымалылар типінің жазылуы.
5 қыры: Егер y - бүтін сан болса, онда x:=1. 2*y өрнегінің мәні айнымалылардың қандай типіне жатады?
6 қыры: Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын, тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі қалай аталады.
Сөзжұмбақ шешу:
Сурет 1. Сөзжұмбақ
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
Паскаль тілінде деректер типі қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типтерге келесілер жатады: стандарты, саналмалы деректер типі, шектелген деректер типі, күрделілерге: массивтер (жиымдар), файлдар, жазулар, жиындар жатады.
Сурет 2 – Деректер типінің классификациясы
Математикада, экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі мыс: кесте, фамилиялар тізімі, сандар тізбегі кеңінен қолданылады. Бір типті деректер жиынын өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі.
Флипчарттағы мысал сөзіне сілтеме жасау арқылы оқушылар массив ұғымы жайында мәліметті бейне роликтен тыңдай алады.
Бір типті индексті айнымалылар жиынтығын массив деп атайды. Нақты сандар жиынын мыс: 1. 6, 14. 9,- 5. 0, 8. 5, 0. 46 массив деп есептеп оны бір атпен мыс: А деп белгілейік. Массивтің әр элементі индексті массив атымен белгіленеді.
Ереже бойынша математикада индекс де дөңгелек жақшаға не массив атынан бірнеше төмен беріліп жазылады. Мысалы: А(1), А(2), А) 3), А(4), А(5) немесе А1, А2, А3, А4, А5 немесе жалпы түрде {Ai}, мұнда i=1, 2, 3,…, n.
Сурет 3 – Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер
Ал Паскаль тілінде индекс квадрат жақшаға алынып жазылады. Қарастырылған мысал үшін, массив элементтері A[1]=1. 6, A[2]=14. 9, A[3]=- 5. 0, A[4]=8. 5, A[5]=0. 46.
Егер бағдарламада массив қолданылса, онда ол VAR айнымалылар бөлімінде, не TYPE типтер бөлімінде сипатталады. Алдымен массивтің айнымалылар бөлімінде сипатталуын қарастырайық. Сипатталу түрі:
VAR_массив аты: ARRAY[t1] OF_t2;
Мұндағы ARRAY (массив), OF (одан)- қызмет сөздері. t1 - REAL және INTEGER стандарт типтерінен басқа, кез келген қарапайым тип болатын тип индексі. t2 - Паскаль тілінде мүмкін болатын массив элементтердің типі.
Келесі мысал үшін массив мынадай түрде сипатталады:
VAR А: ARRAY[1.. 5] OF REAL;
Мұндағы А - элементтері базалық тип REAL болатын массив аты. Индекс типі 1 ден 5 - ке дейін шектелген.
Мысал1.
15 бүтін санның қосындысын есепте. Сандарды белгілеу үшін элемент индекстері I болатын массив атын Х деп белгілейік. Сонда
Sum= X[1]+X[2]+…+X[15].
VAR X: ARRAY[1.. 15] OF INTEGER;
...
SUM:=0;
FOR I:=1 TO 15 DO
BEGIN
READ(X[I]);
SUM:=SUM+X[I]; END;
Цикл ішінде X[I] массивтің бір элементі енгізіліп, ол ағымдағы қосынды мәніне қосылады. Цикл 15 рет қайталанады. Массив элементтері INTEGER бүтін болады, ал индекс - шектелген тип 1.. 15.
Паскаль тілінде массивті сипаттаудың VAR айнымалылар бөлімінен басқа, TYPE типтер бөлімі бар. Алдыменен, TYPE типтерді сипаттау бөлімінде массив типі көрсетіледі. Сосын VAR айнымалылар бөлімінде сол типке жататын массивтер жазылады.
Жалпы жазылу түрі:
TYPE_массив аты =ARRAY[t1] of _t2
VAR_массив аты: тип аты;
МҰНДА T1 - ИНДЕКС ТИПІ; T2 - МАССИВ ЭЛЕМЕНТІНІҢ БАЗАЛЫҚ ТИПІ.
Мысалы, бағдарламада 10 элементтен тұратын Х массиві берілсін. Массив типін MAS атымен атымен белгілейік. Сонда массивті келесі түрде сипаттаймыз:
TYPE MAS =ARRAY[1.. 10] of real;
VAR X: MAS;
Егер бағдарламада бірнеше массив X, A, B, C бір тип MAS болса, онда тек айнымалыларды сипаттау бөлімі ғана өзгереді.
VAR X, А, В, С: MAS;
Сурет 4 – Паскаль тілінде массивті сипаттау терезесі
Сурет 5 – Есеп шығару тақтасы
Осы уақытқа дейін біз әр элементі бір индекстен тұратын массивті қарастырған болатынбыз. Мұндай массивтер бір өлшемді массивтер деп аталады. Математикада көбіне көп өлшемді массивтер яғни массивтердің массиві қолданылады. Әсіресе кең тарағаны екі өлшемді массивтер, оларды матрицалар деп атайды.
Сурет 6 – Екі өлшемді массив
ІV. Жаңа материалды бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар
V. Сабақты қорытындылау.
Білімді бағалау.
VIІ. Үй тапсырмасы
• Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер бойынша дайындалу
• Элемент саны 15 тең массив берілген. Массивтегі ең үлкен және ең кіші элементтердің орындарын ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |