Сабақ тақырыбы: Қол жұмыс барысында жұмыс орнын ұйымдастыру. Экономика негіздері, қаржы. Тұрмыстағы экономика.
Сабақ мақсаты:
Қол жұмыстарына арналған құрал - жабдықтармен таныстыру. Қол тігістің түрлеріне тоқталып, тігіп үйрену.
2. жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
3. Өз бетімен жұмыс жасауға бір - біріне көмектесуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сызбалар, кестелер, суреттер.
Сабақтың түрлері: аралас
Керекті құрал - жабдықтар: оқулық, дәптер, ине – жіп
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Іс машинасының бөліктерін ата.
2. Еңбек қауіпсіздігінің ережесі
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда қол жұмысын орындайтын болғандықтан еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қолдарыңдағы қағазға мына белгілерді салыңыздар.
- Қайшы еңбек құралы
- Қорапта қанша ине бар?
- Инені ауызға салуға бола ма?
Дұрыс жауап –
Белгісіз жауап -?
Дұрыс емес жауап - Ж
Енді қағазымызды кейін қарай айналдырайық. Қандай жазу шықты. ЖІП
Сөз жұмбақ «Тігіс»
1. Ұлттық бас киім.
2. Тоқу құралы
3. Кесте тігуге арналған құрал
4. Оймақ неден жасалады?
5. Мата түрі
Бүгінгі сабағымызда тігістің түрлеріне тоқталайық. Құрал жабдықтарға тоқталу жеке - жеке таныстыру (сызба арқылы). Тегістердің қандай жерде қолданылатынын айту.
Жұмыстың реті
1. Инені сабақтау реті
2. Көктеу тігісін орындау
3. 2 - ші тігіс түрін орындау
Оқушылардың жұмысын қадағалау. Тігіс сапасын тексеру
Сергіту сәті. Жалғасын тап.
1. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың............... (жаны)
2. Батыр адам қорқақты сүймес,
Шебер адам................. (олақты сүймес)
Экономика алғашқы ұғымында «үй шаруашылығын» білдірген. Кейіннен бұл ұғым кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп аталуда. Өндіріс - қоғамның дамуына және өмір сүруіне қажетті. Көп қырлы экономикалық қатынас арқылы әрбір адам басқалармен байланыста болады. Адамдар жалақы алады, өнім шығарады сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Қай заманда болмасын адам өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіміздегі киім, таңертеңгілік ас, үй жанындағы дүкен және т. б.
Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты - жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнеспен экономикаға үйрету, нарықты зерттеу мен жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру.
Экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
- оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
- басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластық, тәртіптілік, т. б қасиеттерді дағдыландыру.
- экономикалық есеп, талдау жасап дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша, еңбекақы туралы ұғымды білдіреді. Бұл сабақта әрбір студент ақша тауып, оны жұмсайтын адам ретінде қоғам мүшесі болғандықтан экономикалық білімсіз өмір сүре алмайтынымызға көзіміз жетті.
Экономикалық білім берудің мақсаты - жастарды нарық заманында өмір сүріп еңбек етуге бейімделе алатын бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.
Бәсекеге қабілетті болу үшін, біріншіден, білім сапасын жоғары деңгейге көтеру қажет. Екіншіден, оқушылардың біліктілігімен сапалылық құрамы талапқа сәйкес болуы тиіс. Үшіншіде, оқу үрдісі инновацияға негізделуі және төртіншіден, оқу орнының материалдық – техникалық базасы мықты болуы керек.
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – студент жастардың білім деңгейінің жоғары және олардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып қалыптасуы. Өйткені бүгінгі күнгі студенттер – ертеңгі зиялылар. Күні ертең - ақ, олар өндірістік және әлеуметтік басқару жүйесін өз қолдарына алады. Қазіргі кезде қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой – пікірлердің көбісі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. «Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі» - деп, В. Белинский дәл айтқан.
Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көріну мақсаттарын қойып отыр. Бұл орайда президент Н. Ә. Назарбаев «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек» - деп атап көрсеткен-ді.
Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.
Мысалға алатын болсақ, химия сабағында студенттерге зертхана жабдықтарын, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемдеп үйренуді, эксперимент және т. б жасауды үйренеді, ал экономика сабағынан ұлттық кіріс, мемлекеттік қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес, нарық, ақша және т. б ұғымдарды меңгереді.
ІҮ. Бекіту сұрақтары:
1. Қол тігістерінің түрлерін ата.
2. Көктеу тігісі қандай жерлерде қолданылады?
3. Айқас тігіс қандай тігіске жатады?
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма: торлау тігісін орындау.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үй тапсырмасы
Тігім түрлерін жатқа айту.
Достарыңызбен бөлісу: |