II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Сиыр» өлеңін жатқа сұрау.
2.Мазмұнына тоқталу. Сұрақ – жауап
- Сиыр қандай жануар?
- Сиыр бізге не береді?
- Сиырдың төлін не деп айтамыз?
3. Үй жұмысы 31 – жаттығу. 2 – 3 оқушыдан сұрау.
III. Жаңа сабақты меңгерту. VIІІ – Слайд
Таспадан өлең оқу. (балалар мұқият тыңдап отырамыз, қай түліктің атауы кездесті)
«Мәә – мәә» деген әні бар,
Жібек тоны сәні бар:
Қошақаным момақан
Сүйкімді бір жануар.
Оқушы: (Қозы)
ІХ -Слайд
Мұғалім: Өте жақсы, балалар олай болса бүгiнгi сабағымыздың тақырыбы «Қозы» және«Қошақан» өлеңiмен танысамыз.
«Қой» туралы не білеміз? Қой малына сипаттама берейік: Қой – кішкентай, момын, бағымға көнгіш, пайдалы жануар. Төрт түліктің бірі. Үй жануары. Оның төлі – қозы. Ол сондай сүйкімді төл. Қойдың еті, сүті, жүні өте пайдалы. Қой сүтінің емдік қасиеті бар. Ал жүнінен киіз, шұлық тоқиды. Киіз үй жабдықтары қой жүнінен дайындалады.
IV. Оқулықпен жұмыс.
1.«Қозы. Қошақандар» өлеңін мәнерлеn оқып, түсіндіру.
Х – Слайд ХІ –Слайд
Достарыңызбен бөлісу: |