Танымпроцесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (химия, физика, математика, тіл білімі) зерттеу жеке әдістер арқылы іске асырылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (химия, физика, математика, тіл білімі) зерттеу жеке әдістер арқылы іске асырылады.
Мұндай нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы барлық ғылымдарда қолданылатын әдістер қатарына бақылау, теңеу, талдау және синтездеу, сұрыптау, өлшеу, эксперимент, индукция мен дедукция, т. б. жатады.
Яғни зерттеу әдісі - күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығын құрайды.
Зерттеу әдістерін педагогика ғылымының дамуының басты құрамды бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ғылыми нәтижелердің дәлелділігі алғашқы мәліметтер мен ақпарат көзін алу жолдары мен әдістеріне, сондай-ак зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты болады.
Педагогикалық зерттеу жұмысы белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеуді көздемейді, ол жаңа білімдерді іздестіру, жүйеге келтіру процесі болып табылады. Яғни жалпы адамдардың зерттеу нысанасы, пәні және құбылыстардың мәнін ашу мен мазмұнын сипаттауға бағытталған әр жақты танымдық іс-әрекеттердің формасы.