Сабақ тақырыбы : Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Модуль /пән атауы : Қазақ тілінің практикумы



бет1/5
Дата24.05.2022
өлшемі34,9 Kb.
#144813
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№21 Сабақтас құрмалас сөйлем


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК
Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері.
Модуль /пән атауы: Қазақ тілінің практикумы
Педагог: Мукашева А.С.
Мерзімі: 24.03.2022ж. (22.03.22ж. күнгі сабақ)
Курс: 4 Топ:Қ-18
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін, жасалу жолдарын меңгеру.
Міндеті:

  • Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлерін біледі;

  • Сабақтас құрмалас сөйлем жасалу жолдарын меңгереді.

Негізгі әдебиеттер
1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1972
2.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Астана, 2006.
3. https://itest.kz/ru/ent/kazahskij-yazyk/sintaksis/


Бағалау критерийі:
- Тақырыппен танысу, негізгі ақпаратты түсіну, тезистеп конспект жасау – 20 ұпай
- Сұрақтарға дәлелді жауап беру – 40 ұпай
- Көркем шығармадан мысалдар келтіру, синт. талдау жасау – 40 ұпай
Жоспар:
1.Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері
2.Сабақтас құрмалас сөйлем жасалу жолдары.


Дәріс мәтіні:
Екі немесе оданда көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады.

Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады.

Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды.

  Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет