Сабақ тақырыбы : Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Модуль /пән атауы : Қазақ тілінің практикумы



бет2/5
Дата24.05.2022
өлшемі34,9 Kb.
#144813
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№21 Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

 р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Шартты рай

-са, -се

Қайтсе? Не етсе?

2

Көсемше

Ма+й, ме+й; майынша/мейінше

Қайтпей? Не етпей?
Қайтпейінше? Не етпейінше?

3

Есімше

-ған+да, -ген+де

Қайткенде? Не еткенде?

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра?сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да, (қайтсе де?)Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен(қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

 р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Шартты рай

-са да, -се де

Қайтсе де? Не етсе де?

2

Есімше

-ған/ген+-ша/ше

Қайткенше? Не еткенше?

3

Есімше

-ған/ген,-қан/кен+-мен 

Қайткенмен? Не еткенмен?

4

Шартты райдың болымсыз түрі

-ма/ме, -ба/бе,-па/пе+са/се

Қайткені (не еткені) болмаса?

5

Көсемше

-а/е, -й + тұра

Қайтетұра? Не ететұра?

6

Есімше

-ған+ы+на(-ген+і+не)+ қарамастан

Қайткеніне (не еткеніне) қарамастан?

 3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет