Хромтау тау-кен техникалық колледжі
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Сауанова Г.Қ.
Сабақ П.С. Гранкиннің концепциясы бойынша құрылған. Сабақтан оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырады және сайыс түрінде өтілген соң, бәсекеге қабілеттіліктері артады.
Пәні: Қазақ тілі.
Сабақ тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестер.Синоним. Антоним.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру. ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, қайталау, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, интерактивті тақта, түрлі кеспелер, Домбыра.
Сабақтың жүру барысы:
№
|
Сабақ барысы Апта күндері
|
Уақыты
|
Бағалау
|
1
|
Ұйымдастыру бөлімі “Бастапқы сөз”.
|
3 мин.
|
|
2
|
Үй жұмысын сұрау. «Сиқырлы үйшік».
|
7 мин.
|
5 ұпай
|
3
|
«Ой толғаныс сатысы».
|
10мин.
|
5 ұпай
|
4
|
Жаңа сабақ. ТС мен жұмыс.
|
15 мин.
|
|
5
|
Үзіліс «Пантомима».
|
5 мин.
|
|
6
|
Жаттығу жұмысы
|
10 мин.
|
10 ұпай
|
7
|
Ойын «Сөз мерген»
|
5 мин.
|
5 ұпай
|
8
|
Шығармашылық диктант.
|
10 мин.
|
9 ұпай
|
9
|
Тест «Домино»
|
7 мин.
|
3 ұпай
|
10
|
Бағалау . Үй жұмысын беру.
|
3мин.
|
|
№
|
Сабақ мазмұны
|
Оқушы қызметі
|
Нәтиже
|
Бағалау
|
1
|
Ұйымдастыру бөлімі: а)Топ студенттерін түгелдеу; ә)Оқу құралдарын тексеру; б) Сабақ жабдықтарын орналастыру;
Балалар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып , тұрақты сөз тіркестерін, синоним, антоним, тақырыптарын қарастырамыз. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Топ басшылары сайланады.
|
Студент сабақ жоспарымен және ұпай сандарымен танысады. Өз алдына мақсат қояды.
|
Жұмысты жоспарлау, мақсатқа қол жеткізу талабы қойылады.
|
|
2
|
II. Уй жумысын сұрау бөлімі « Сиқырлы уйшік» Бұл бөлімде ұй тапсырмасына өтілген тақырыптар бойынша ережелерді жаттап келу болды.Әр топ мүшелері үйшіктен сұрақ алып сол сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1.Көнерген сөз дегеніміз не?және оның түрлерін ата.
2.Архаизм дегеніміз не? мысал келтір.
3.Тарихи сөз дегеніміз не? мысал келтір.
4.Жаңа сөз дегніміз не? мысал келтір.
5.Деалект сөз дегніміз не? мысал келтір.
6.Термин сөз дегніміз не? мысал келтір.
7.Кірме сөз дегніміз не? мысал келтір.
8.Кәсібі сөз дегніміз не? мысал келтір.
9.Табу сөз дегніміз не? мысал келтір.
10.Эвфемизм сөз дегніміз не? мысал келтір.
11.Дисфемизм сөз дегеніміз не? мысал келтір.
|
Тіл дамыту, өз ойларын еркін жеткізу.
Сұрақтарға жауап беру.
Мысал келтіру.
Сөз қолданысынан шығып қалып, мағыналары көмескеленген сөздерді көнерген сөздер деп айтамыз.Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер деп бөлінеді.
Архаизмдер-халықтың тұмысы мен әдетғұрпының заман өзгеруіне байланысты басқа сөздермен ауысуы немесе қолданыстан шығып қалуы.
Тарихи сөз – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз.
Жаңа сөз (неологизм)-ғылым мен техниканың дамуын байланысты қолданысқ енген жаңа сөз.
Диалект өз-белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз. Кіме сөз-ана тілімізге шет тілінің енген сөз .
Кәсіби сөз-белгілі бір кәсіпке , шаруашылыққа өнерге байланысты
Қолданатын және негізінен сол кәсіппен айналласатындарғ ғана түсінікті сөз .
Табу сөз (бұмалау ) қазақ дәстүрі бойыша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.
Эвфемизм-мағынасы тұрпайы (дөрекі) сөздің орнына сол ұғымды жұсартып қолданылатын сыпайы сөз.
|
Тілдерін дамытады, ойларын еркін жеткізге үйренеді.
|
5 ұпай
|
3
|
«Ой толғаныс» бөлімінде сөз байлығын толықтыра түсіретін кірме сөздеріне тапсырма орындау. Слайдта көрсетілген тапсырманы орындау
|
Мұқият тыңдап, естеріне сақтау. Тапсырманы орындау.
|
Кірме сөздерді естеріне сақтайды
|
5 ұпай.
|
4
|
Жаңа сабақтың тақырыбы айтылып экранда көрсетілген тірек кестелер бойынша Тұрақты сөз тіркестер, Синоним, Антоним тақырыптарына тоқталамын. Тұрақты тіркес-сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді. Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп , бір сөйлем мүшесі болады.
Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді Антонимдер дейді.
Тілде бір-бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады.
Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әртүрлі сөздерді синонимдер деп атайды. Синонимдердің негізгі белгілерін айтып өтемін.
|
Білім алушылар берілген ережені дәптерлеріне жазып алады.
Тұрақты тіркес-сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді Антонимдер дейді.
Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әртүрлі сөздерді синонимдер деп атайды.
|
Жаңа тақырып бойынша білімдерін толықтырады.
|
|
5
|
Сегіту сәті. Паномима ойыны. Ойыншы қарсы команда ойыншыларына кеспе қағазда жазылған сөзді қимылмен көрсетеді, олар оны табады және ол тапқан сөзге синоним, антоним табады.
|
Берілген сөздерді ыммен көрсетеді, екінші топ оқушылары жасырын сөзді табады, синоним мен антоним қатарын айтады.
|
Денелерін жазып, серігіп қалады.
|
|
6
|
Жаттығу жұмысы. Үлгі бойынша берілген тұрақты тіркестеріне балама сөздерді тауып , ретімен қойындар. Төбе шашы тік тұру-
Бетінен оты шығу-
Қабағынан қар жауды-
Іші бауыры елжіреді-
Салы суға кетті-
Қаспен көздің арасында-
Тепсе темір үзеді-
Аузынан суы құрып тыңдады-
Керек сөздер беріледі.
|
Жазбаша орындау.
Төбе шашы тік тұру-қорқу.
Бетінен оты шығу- ұялу. Қабағынан қар жауды-ашулану.Іші бауыры елжіреді-мейірлену. Салы суға кетті-көңілсіз. Қаспен көздің арасында-тез.Тепсе темір үзеді-қайратты. Аузынан суы құрып тыңдады-қызыға.
|
Сөздік қорлары арта түседі . Сөйлесу мәнерлері дұрысталады.
|
10 ұпай
|
7
|
Ойын «Сөз мерген»
|
Жасырын сөздерді табады.
|
|
5 ұпай
|
8
|
Шығармашылық жұмыс 1. Сөздің зат, құбылыс, ұғымға тағылғын атау түріндегі бастапқы мағынасы ... делінеді.
2.Сөздің бастапқы мағынасы ауыстырылып, өзге мағынада қолданылса, ... мағына дейді.
3. Контексте беретін мағыналары әр түрлі болғанымен, негізгі бір түбірден , бір ұғымнан шығатын сөздерді ... мағыналы сөздер дейді.
4.Жазылуы, айтылуы әр басқа, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер ...
5. Жазылуы, айтылуы бір, мағынасы әр басқа сөздер- ... .
6. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер ... .
... сөздер- ғылымның бір саласына қатысты, тар мағынада қолданылатын сөздер.
7. Бір ұғымда қолданылып, сөйлем мүшесіне ажыратуға құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болмайтын сөз тіркесі- ... деп аталады.
8. ... мен ... – талай ғасырлар бойына ерекшеленіп, сақталып келген халық мұрасы.
|
1.тура мағына
2.ауыспалы мағына
3.көп мағыналы
4.омонимдер
5.синонимдер
6.антонимдер
7.термин сөздер
8.тұрақты сөз тіркесі
9.мақал мен мәтел
|
Ойлау қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды.
|
9 ұпай
|
9
|
Бекіту тапсырмасы «Домино» ойыны
|
Дұрыс жауапты таңдайды.
|
Шапшпндылыққа, дұрыс жауап беруге дағдыланады.
|
3 ұпай
|
10
|
Бағалау, Үй тапсырмасын беру.
|
Топ басшылары ұпай сандарын қосып бағалайды.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |