Сабақ тақырыбы : Тұрлаулы мүшелер



Дата27.12.2016
өлшемі413,88 Kb.
#5927
түріСабақ
Сабақ тақырыбы:Тұрлаулы мүшелер

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелерінің жасалу жолдарын еске түсіре отырып, бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүшелер екендігін түсіндіріп, сөйлемде атқаратын қызметі мен маңыздылығын ұғындыру;

Жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, көркем жазуға, ұқыптылыққа , әдемілікке тәрбиелеу;

Оқушыларға жаттығу жұмыстарының тапсырмаларын талдау барысында тұрлаулы мүшелерді ажыратуға, тыныс белгілерін дұрыс қоюға, мағыналық байланысына қарай ретімен айтуға, сурет бойынша әңгіме құруға, жаттығу барысында түстерді ажыратуға, дыбыстарды дұрыс айтуға, төселдіріп, ой- өрістерін дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ, жаңа білімді меңгеру.

Сабақ әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Көрнекілігі: электронды оқулықтан ереже, тырна мен түлкі ертегісі, фигуралы моншақтар, артикул. жаттығуларға айна, көңіл күй смайликтері, семантикалық карта.



Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылар, бүгін біздің қазақ тілі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр,сондықтан қонақжайлылық танытып,бар ынтамызды сабаққа аударып, белсенді қатысып отыралы

Сабақтан қалмай,

Сапалы да, саналы білім алу!

ұранымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Психологиялық дайындық

Бақыт,Бақыт!

Бақыт мен де, бақыт сен де

Бақыт барлық жерде!

Тыныштық, Тыныштық!

Тыныштық мен де, тыныштық сен де

Тыныштық барлық елде

Бейбітшілік, Бейбітшілік!

Бейбітшілік мен де, бейбітшілік сен де

Бейбітшілік барлық елде, барлық жерде бола берсін!

ІІ. Өткенді пысықтау.Қыс туралы әңгіме.

Өткенді еске түсіру үшін, берілген тірек сөздерді оқылық.

Сырғанады, балалар, шанамен

Тірек сөздерді балаларға оқыту

- Балалар, біздің оқығандарымыз не? - Сөздер.

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құралық.

Балалар шанамен сырғанады. Құраған сөйлемімізді сөйлем мүшесіне талдайық.

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.

1.Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?

2.Бастауыш дегеніміз не?

3.Баяндауыш дегеніміз не?

Білетінімізді одан әрі жалғастыра отырып, мына әріпжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашалық.

АТИҰЛРЗЛЕАБУСЛДЫВМКҮЖШНЕЮЛПЕХРЦбір әріп тастай отырып, жасырын сөзді тап:

Қандай сөздер пайда болды?

Тұрлаулы мүшелер

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.

Тақтаға күннің жадысы мен тақырыпты жазу

Электронды оқулықтан түсіндірме.

ІV. Оқулықпен жұмыс



60 – жаттығу. Ауызша талдау

1.Оқушыларға алдымен берілген сурет бойынша әңгіме жүргізу.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­- Суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Қандай табиғи құбылысты байқап тұрмыз?

-Жер қандай түске бөленді?

2.Сөйлемдерді оқы. Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?

Қар жауды.Бүгін жапалақтап қар жауды.

Біріншісі сойлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

3.Ережеге түсінік.

V. Жаттығу жұмысы.

61-жаттығуды ауызша талдау.


  1. Сөйлемдерді оқы.

  2. Тұрлаулы мүшелерді тап.

  3. Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көр.

VІ. Көркем жазу

Қолға қалам аламыз,

Әдемі әріп саламыз.

Өн бойында сабақтың,

Әдемі етіп жазамыз.

Б б Балдырған сөзін әдемі әрі көркем етіп жазамыз.

VІІ. Сергіту сәті

Балалар біздің ел екі тілді мемлекет, бізде қазақ тілі мен орыс тілі қатар жүреді. Орыс тілі пәнінен Саша есімді бала сіздерге таныс болар, ендеше оны қарсы алайық!

VІІІ. Дәптермен жұмыс62- жаттығу

Бір оқушыға жаттығудың тапсырмаларын оқыту.



  1. Мәтінді тиісті белгісін қойып көшіріп жазу.

  2. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз

  3. Мәтінге ат қой.

Оқушылармен жаттығуды дәптерге жазбас бұрын, оны оқып талдап алып, мәтінге ат қоямыз.

Бұнда қамқорлық пен көмек көрсету секілді адамгершілік құндылықтар көрсетілген.

Олай болса бұған „Көмекшілер‟, „ Қамқоршылар‟ деген ат қоямыз.

ІХ. Сергіту сәті.(Аягөз түзету жаттығуларын жүргізеді)



Оқушылар, сәл сергіту үшін бізге қонаққа Аягөз апайларың келіп отыр.Қош келдіңіз, төрлетіңіз!

«Саусақтар» сәлемдеседі

Сіздің қонақ кәдеңізге көп рахмет!

Х. Ертегі тыңдау

Енді, ертегі арқылы түлкі мен тырнаның бір-бірін қонаққа шақырысып, құрмет көрсеткендерін тыңдалық.



1.Ертегіні сурет, бейне таспа арқылы көрсетіп,тыңдату.

2.Ертегі мазмұнын талдау. Кейіпкерлерін атау.

3.Ертегіні басшылыққа ала отырып, 64-жаттығуды ауызша орындау.

4.Суреттер көмегімен сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай ретімен айтып беру.Тұрлаулы мүшелерді табу

Сонымен бұл қай ертегіден алынған үзінді?

Бұл ертегіден не түйдік?

Қонақты қалай күту керек?

Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

Тырна түлкіге тамақ беріпті.

Құмыра түлкінің басына сыймапты.

ХІ. Сабақты қорыту.

Семантикалық карта тапсырмалары:


Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

+




оқыды




+

Биші

+




жазды




+

секірді




+
1.

  • Сонымен балалар, бүгін біз қандай сөйлем мүшесімен таныстық?

  • Неліктен оларды тұрлаулы мүшелер деп айтамыз?

ХІІ.Бағалау, мадақтау.

Оқушылар түрлі смайликтер арқылы сабақта алған көңіл-күйлерін білдіреді.

Ш. Уалиханов атындағы №9 орта мектеп

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы:3Е арнаулы

Сынып жетекшісі:Джамбаулова Э.А.



Атырау-2015
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет