Сабақ тақырыбы: §1, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты



бет12/66
Дата14.04.2017
өлшемі7,84 Mb.
#13894
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66

7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §18. 19. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру.

Сабақ мақсаты:

1. Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы., жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай өқұрылған?

2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?

3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?

4. Коперник теориясын кімдер қолдады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.



Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізін қозғалыс траекториясы деп атайды.

траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет