Сабақ тақырыбы: §1, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Сабақ мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі111,22 Kb.
#10401
түріСабақ
7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §1,§2. Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.





«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін

алғаш енгізген ғалым

Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

ІV. Пысықтау.


  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты неде?

  6. Физика заңдары қалай ашылды?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалды?

  8. Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §1,§2. Тақырыпта аталмаған физикалық және астрономиялық құбылыстарға мысалдар келтіру.

V. Бағалау.


№37 жалпы орта білім беретін мектеп



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым.



Физика пән мұғалімі: Муратова М.С

Орал, 2016ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет