Оқушылармен амандасу, оларды сабаққа бейімдеу
(W) Миға шабуыл
Біз қалай тыныс аламыз?
Оттегі ағзамызда қалай тасымалданады?
Қызыл қан жасушаларында қандай ақуыз болады?
Бұлшықет ұлпалары қандай ақуыздан тұрады?
Мұғалім сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлайды
(W) Гемоглобин мен миоглобиннің құрылысын еске түсіру.
Оқушылар гемоглобин мен миоглобин туралы не білетіндерін айтады.
Миоглобин мен гемоглобиннің құрылысы туралы не білесіздер?
Миоглобин мен гемоглобиннің қызметі туралы не білесіздер
Миоглобин мен гемоглобиннің құрылысы мен қызметі туралы (00:00 – 2мин 36 сек) бейнебаян көрсету.
Бейнебаян көргеннен кейін оқушылар миоглобин мен гемоглобинді салыстырады және мәліметтерді кестеге толтырады.
Гемоглобин
|
Миоглобин
|
Оттегімен байланысып, оны тасымалдайтын ақуыз
|
Оттегімен байланысады
|
Ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді
|
Ұлпаларда оттегіні сақтайды, қажет кезінде ағза осы оттегіні қолданады
|
Эукариоттарда кездеседі
|
Қаңқа және жүрек бұлшықеттерінде кездеседі
|
4 гем тобы бар
|
1 гем тобы бар
|
4 оттегі молекуласы гемоглобинмен байланысады
|
1 оттегі молекуласы миоглобинмен байланысады
|
Кері байланыс: оқушылар жауаптарды оқып, бірін бірі тексереді.
(С) ‘Терминдермен жұмыс’
Мұғалім оқушыларға глоссарий таратады.
Оқушылар бір бірден терминдер және олардың анықтамасын оқиды.
Мұғалім оттегіге қатысты диссоциация қисықтарын презентация арқылы түсіндіреді.
Оттегіге қатысты диссоциация қисықтары гемоглобиннің оттегімен байланысу беріктігін көрсетеді
Оттегі ағзаға қызыл қан жасушалары арқылы тасымалданады, оның құрамында оттегімен байланысқан ақуыз гемоглобин бар.
Гемоглобиннің әрбір молекуласы 4 полипептидтік тізбектен құралады (глобиндер), басқаша айтқанда төрттік құрылымды тетрамера болып келеді. Әрбір глобин тізбегі (мономер) өзінің пигментті гем тобымен байланысады, қанға қызыл түс береді. Әрбір гемтобының құрамында бір валентті Fe (II) бар және оттегінің бір молекуласын өзімен тұрақсыз байланыстырады
Оксигемоглобиннің түзілуі - оттегінің гемоглобинге қосылуы, байланысуы оттегінің концентрациясы жоғары болғанда жүреді. мысалы: өкпенің альвиолаларлы капилярларда. Бұл концентрация түскен уақытында, дененің ұлпаларындағы капиллярлардың метаболизмі кезінде байқалады, оттегінің гемоглобинмен байланысы тұрақсыз болады, оттегі гемоглобиннен ажырайды және қоршаған жасушаларға еріген түрде диффузияланады. Оттегнің гемоглобиннен ажырауы үдерісі – диссоциация деп аталады.
Гемоглобинмен қосыла алатын оттегінің мөлшері оның концентрациясымен анықталады немесе оны парциальдық қысым деп атайды (парциальды қысым негізінен газдарға қолданылады).
(Т) Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөледі. Әр топ екі кіші топтарға бөлінеді. Топтар оттегінің диссоциациялану қисықтарын зерттейді.
Бірінші топ – ересек адам және ұрық гемоглобинінің оттегіге қатысты диссоциация қисықтарын зерттейді.
Екінші топ - миоглобиннің оттегіге қатысты диссоциация қисығын зерттейді.
Топтар постерлер әзірлейді. Оқушылар таратылған мәтінді және интернет ресурстарын қолданады.
Бағалау критерийлері:
Ақпараттың нақтылығы
Сызба, диаграммма, суреттер қолдану
Көрнекілігі
Академиялық тілді қолдана отырып, мәліметті анық түсіндіру
Кіші топтар үлкен топқа бірігіп, ақпаратты бір – біріне түсіндіреді
Топтар ақпаратпен алмасқаннан кейін, оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, бірін бірі бағалайды.
Оқушылар бір бірінен алынған негізгі мәліметтерді қысқаша дәптерге жазып алады.
Сабақ тақырыбын қорытындылау мақсатында, «ыстық үстел» әдісі қолданылады. Сыныптан бір оқушы өз еркімен «ыстық үстелге» отырады. Мұғалім және оқушылар бұл оқушыға сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қояды. Оқушы қойылған сұрақтарға тез арада мүдірмей жауап беруі тиіс.
Үй жұмысы:
График қисығын талдаңыз және төмендегі қосымша ақпаратты қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз
Қосымша ақпарат
қ олтырауын - ауамен тыныс алатын жануар. ол өзінің көп уақытын ауасыз су астында өткізеді.
Лама – оттегі қысымы өте төмен жоғары биіктікте тіршілік ететін сүтқоректі.
Қалыпты адам гемоглобині
4. Қыран - жылдам қуатты ұшу үшін үлкен энергия талап етеді.
Неліктен графиктегі қисықтардың әр түрлі екендігін түсіндіріңіз?
|