Сабақ тақырыбы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?



Дата31.07.2017
өлшемі88,41 Kb.
#22357
түріСабақ
Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1 А. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан



Мектеп: НЗМ ФМБ Ақтөбе

Күні: 10.09.16.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілістің тарихи маңызын түсінеді.


Сабақ мақсаттары

ХХ ғ. басындағы тарихи құбылыстарды, оқиғаларды бағалайды және оларға қатысты тарихи тұлғалардың ролін анықтайды.

Жетістік критерийлері




  • Білу және түсіну Оқушылар ассоциативті карта жасап, 1916 ж көтерілістің екі қысқа мерзімді, екі ұзақ мерзімді себептерін түсіндіре алады. 1916 ж көтерілістің сипатын, қозғаушы күшін, жетекшілерін, ошақтарын біледі.

  • Анализ Тарихи фактілерге сүйене отырып, 1916 ж көтерілістің кемінде екі тарихи маңызын атай алса, аргументтермен негіздейді






Тілдік мақсаттар


Айтылым, жазылым, тыңдалым дағдысын дамыту

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезімнің өсуі


Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихымен пәнаралық байланыс орнату

АКТ қолдану дағдылары

Бейне материалды тындау арқылы тыңдалым, айтылым дағдысы дамиды.

http://lms.nci.kz/history/view?f=241&id=9&lang=kaz




Бастапқы білім


«Отаршылдық» түсінігі аясында сұрақ-жауаптар жүргізіледі (айтылым дағдысы)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Бейне материал көрсетілгеннен кейін сұрақ қойылады

  • Алған әсеріңіз қандай?

  • Тұлғалардың көтеріліспен қандай байланысы бар?

Жауаптар алынған соң сәйкестендіру тапсырмасы орындалады. Қажетті ақпараттарды оқулықтардан алады.

  1. Жетісу облысында көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі ____________________________

  2. Торғай өңірінің бас сардары______________

  3. Торғай облысындағы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі ______________

  4. Верный уезінің Жайымтал болысынан хан болып сайланды ___________________

  5. Бөкей даласындағы көтеріліс жетекшілерінің бірі _______________

Керекті есімдер:

  • Бекболат Әшекеев.

  • Жәмеңке Мәмбетов.

  • Амангелді Иманов.

  • Әліби Жангелдин.

  • Сейтқали Меңдешев.

Жауабы:

  1. Жетісу облысында көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі Жәмеңке Мәмбетов.

  2. Торғай өңірінің бас сардары Амангелді Иманов.

  3. Торғай облысындағы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі Әліби Жангелдин.

  4. Верный уезінің Жайымтал болысынан хан болып сайланды Бекболат Әшекеев.

  5. Бөкей даласындағы көтеріліс жетекшілерінің бірі Сейтқали Меңдешев.

http://lms.nci.kz/history


Сабақтың ортасы



Зерттеу мен талдау дағдысын дамыту үшін топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топтық жұмыста мәтінге талдау жасайды.

Мәтінмен жұмыс

«Біліммен алмасу» стратегиясы

  • 1-топ. «1916 жылғы көтеріліс» атты Т.Рысқұловтың мақаласынан үзінді.

  • 2-топ. «1916 жылғы көтерілісінде патша әкімдерінің қолданған әдістері» атты С.Меңдешевтың мақаласынан үзінді.

  • 3-топ. «Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына» атты алаш көсемдерінің «Қазақ» газетінде жарияланған хатынан үзінді.

  • 4-топ. «Тарихи жыл» атты Міржақып Дулатовтың «Мадияр» деген лақап атпен жазған мақаласынан үзінді.

Зерттеу сұрақтары:

  • Мақала авторы қандай әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайды?

  • Осы оқиғаға автордың қатысы бар ма?

  • Дерек көз оқиғаның тарихи маңызы туралы қандай мәлімет береді?

Тапсырма

1916 жылғы көтерілістің...

  • Сипаты:

  • Қозғаушы күші:

  • Жетекшілері:

  • Негізгі ошақтарын анықтаңыздар


Тапсырма



Тапсырма

Оқулықпен жұмыс



  1. Оқулықтағы §1 тақырып мазмұннын 5 сөйлеммен жеткізіңіз.

  2. 10 негізгі кілтті сөзді атаңыз.

  3. 1 жеңіл және 1 күрделі сұрақ құрастырыңыз

Тапсырма




Презентация, слайд

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау жұмысы Мәтінмен жұмыс кезінде берілді деңгейі төмен, орта, жоғары тапсырмаларды орындай алуына байланысты құрылды.

  1. Мәтіннің мазмұннын 5 сөйлеммен жеткізіңіз.

  2. 10 негізгі кілтті сөзді атаңыз.

  3. 1 жеңіл және 1 күрделі сұрақ құрастырыңыз



Жетістік критерийлеріне сәйкес берілген мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмалардың орындалуын тексеру арқылы бағалау (сабақтан тыс уақытта дәптерге «ж» немесе «т» белгісін қойып тексеру).

АКТ-ны уақыт талабына сай ғана қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия



Мақсат өте түсінікті болғандықтан және тапсырмалардың талаптарға сай құрастырылуынан сабақ өте қызықты әрі белсенді өтті. Уақыт та тиімді қолданылды. Барлық тапсырмалар сапалы орындалды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тапсырмалар жетіктік критерийне сай құрастырылғандықтан мақсатқа жетуге зор мүмкіндіктер туды.

2: Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, белсенділік танытты.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1: Айтылым дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды сұрау кезінде уақытты шектеудің қажеттілігі


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Рефлексия қорытындысы бойынша ешнәрсені өзгертудің қажеті жоқ.


Шиликбаева ©

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет