Сабақ тақырыбы §25. 60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың бірінші жартысындағы ксро



бет5/8
Дата22.02.2018
өлшемі1,6 Mb.
#38175
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8


Мен оқушылардың не білетінін және нені және қалай жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырыстым , сонда да мен оларға постерден бөлек топ басшысына деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар бердім. Мен үшін бұл ерекше қызықты болды. Себебі, деңгейлік тапсырмалар тек постер жнасаумен шектелген жоқ, керісінше қосымша тағы да сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Оқушылар осындай тапсырмалармен үлгере алар ма екен деген сұрақ болды. Әрине, берілген тапсырмалар мен сұрақтар жас ерекшелігі мен оқулық шеңберінен алыстап кеткен жоқ. Өзім үшін де эксперимент жасап көргім келді. Оның үстіне бұл жаңа сабақты біз оқулықтан алмаймыз, яғни мұғалімдер басқа ақпарат көздерінен тауып алып келетінбіз. Менің ойымша, мен күткен нәтижелер орындалды. Топ басшылары да, топ мүшелері де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға, постерлерін жасап, оны қорғауға дайын болды. Мен тек сырттай бақылап, бағыттап отырдым. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Баян, Наргиза, Қаныш, Ләззәт, Арысболат, Үміт, Жанғазы, Ұлбағила болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Мұғалімнің үш негізгі көмекшісіне сүйене отырып, сынып ішіндегі климаттың, тақырыптың барынша оқушыларға қолжетімді, сапалы өтуіне барынша тырыстым.Топтар өз жұмыстарын аяқтап, 2-топтың топ басшысы Гүлсара өздеріне берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы хабардар етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет