Сабақ тақырыбы: §37. Темір және оның қосылыстары.



Дата19.02.2017
өлшемі72 Kb.
#10501
түріСабақ
Күні: 29.01.2014ж.

Сабақ тақырыбы: §37. Темір және оның қосылыстары. ( 163-167-бет)

Сабақ мақсаты: 1. Табиғатта кең тараған темір металы туралы мағлұмат беру;

2. Кәсіптік білімдерін дамыту;

3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Д.М.Менделеев жасаған периодтық кестесі, слайд, химиялық

реактивтер, ыдыстар, интерактивті тақта



Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Кім көп біледі? (үй тапсырмасы)

ІІІ. Мағынаны таны (жаңа сабақ)

IV. Сәйкестендіру тесті

V. Толықтыру тесті

VI. Есептер шығару

VII.Кім білімпаз? (бекіту)

VIII.Бағалау

IX. Үйге тапсырма

X. Қорытындылау


Сабақ барысы: І. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Кім көп біледі? Үй тапсырмасы: Алюминий және оның қосылыстары

а)Тест тапсырмасы:

1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5

2.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

а) HNO3, NаСl, KOH

ә) H2О, СuСl2, NаOH

б) HСl, SО2¸KOH

3. Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан

бастап жұмыс жасайды?

А) 2000; ә) 1998; б) 2007; в) 1992

4. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:

а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен

ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау

б) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру

5. Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:

а) Nа¸Mn¸Al

ә) Ni¸Cr¸Zn

б) Cu¸Nа¸Сr

Жауабы: 1. ә; 2. ә; 3. б; 4. а; 5. ә:
ә) Есеп шығару
ІІІ. Мағынаны таны: Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:


1. Темірдің периодтық жүйедегі орны (химик)

2. Табиғатта таралуы және маңызы (геолог)

3. Темірдің ашылу тарихы (тарихшы)

4. Физикалық қасиеттері (физик)

5. Темірдің алынуы (металлург)

6. Темірдің табиғатта таралуы (географ)

7. Темірдің химиялық қасиеттері ( химик)

8. Темір биологияда (биолог)

9. “Кім жылдам?” есептерді орындау

10. Сәйкестікті тап

11. Тест тапсырмалары

1. Химик:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша орналасқан

реттік нөмірі 26, салыстырмалы атомдық массасы 56

26 электрон, 26 протон, 30 нейтрон,

4 электрондық қабат, 2)8)14)2),

электрондық конфигурациясы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Темір – VIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы

s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі

d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді. +2, +3
2. Геолог: Маңызды қосылыстары: магнетит-Fe3O4, гематит-Fe2O3, лимонит-Fe2O3 ∙ nH2O, пирит- FeS2

3. Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы:

Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес Хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болатты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
4. Физик:

Темір күмістей ақ түсті, жұмсақ, соғуға, созуға, таптауға, жақсы өңделетін және қиын балқитын металл. Т(б)-1539 С, Т(қ)-3200 С p-7,87 г/см. Темір оңай магниттеледі және магниттік қасиетін жоюға бейім келеді...

Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі, оның ауада тіреусіз қалқып тұруы- темірдің магниттік қасиетіне негіделген.

“Темірді қызған кезде соқ” қандай физикалық қасиетіне негізделген.(созылғыштығына)


5. Металлург:

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:

оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
6. Географ: Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл.

Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.


7. Химик: Жай заттармен әрекеттесуі:

Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын

шашыратып жанады:

3Fe + 2O2 = Fe3O4 (FeO * Fe2O3)


Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3

Fe + S = FeS

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

Fe + H2O = FeO + H2

Ылғалды ауада тат түзеді:

4Fe0 + 6H2O + 3О2 = 4Fe(OH)3

Fe0 – 3е- = Fe+3 4

O20 +4е- = 2О -2 3

Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.

Сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:

Fe + 4HNO3 (сұй) = Fe(NO3)3 + NO + 2H2O

Fe + H2SO4 (сұй) = FeSO4 + H2

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu


8. Биолог:

Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.


Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында, малдың бауырында, сары майда кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.

9.Қолданылуы:

Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және

микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің

құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.
10. “Кім жылдам?” есептерді орындау

№8. Темір шегелерді: а) күкірт қышқылы H2SO4, ә) мыс (ІІ) сульфаты CuSO4, б) кальций хлориді CaCI2, в) күміс нитраты AgNO3 , г) натрий хлориді NaCI ерітінділері бар сынауықтарға салды. Қай сынауықта химиялық реакция жүреді? Реакция теңдеулерін жазу.

11. Сәйкестікті тап

формулалар аттары

1. Fe3O4 а)темір (III)гидроксиді

2. FeO ә) темір сульфаты

3. FeSO4 б) темір (II)оксиді

4. Fe(OH)3 в) темір қағы


12. Толықтыру тест тапсырмалары

1.Темір ------ түстес ------- металл.

2.Темір иілімді,------- қасиеті бар, тығыздығы-------.

3.Темір қосылыстарында ------- тотығу дәрежелерін көрсетеді.

4.Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.

Керекті сөздер: +2, магниттелетін, ақ, +3, шойын, күміс, 3,87г/см, болат.

“Кім білімпаз?”

1.Темірдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама

2.Темірдің тотығу дәрежесі

3.Темірдің D-қабатында неше электрон бар?

4.Пириттің формуласы?

5.Қанға қызыл түс беретін ион?

6.Темір жетіспеуінен болатын ауру

7.Шойын қандай пеште алынады?


Бағалау

Үйге тапсырма: §37. Темір және оның қосылыстары. ( 163-167-бет), №10-есеп

Қорытындылау
Қолданылған әдебиеттер:

1.Химик анықтамалығы №1,2 2010ж

2.Н.Нұрахметов ,Сарманова. К,Жексембина. К

Химия 9 сынып.2013ж Алматы.” Мектеп”

3.Химия мектепте №2 2005ж,№3 2008ж

№1,3,5 2009ж

4.Е.Мәмбетқазиев,К.Сакарьянова

.Химия кестеде болса,есте де болады

2003ж Алматы “Мектеп-Болашақ”

5.М.С.Сәулебекова

.Оқушы анықтамасы.Химия.

2005ж “Арман-ПВ”

«№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:

Темір және оның қосылыстары

Ашық сабақ Химия 9-сынып



Дайындаған: Назарова П.Х.

2013-2014жж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет