Сабақ тақырыбы: 3D-панорама және (виртуалды саяхат) жасау



Дата25.02.2022
өлшемі2,61 Mb.
#133360
түріСабақ
Байланысты:
«Мектепке виртуалды саяхат жасау»
v1200008170.26-03-2021.kaz (1), 1541696953, Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы курсының тыңдаушысы Санкибаева Мадина Амангелдиевна, mkt-negzder-tarauy-boyynsha-esepter-shyaru, 1 тоқсан-5 сынып-Дүние, математика, 11-сынып геометрия Ашық сабақ, Документ (1), 02 Мұғалімге арналған нұсқаулық, жобалау саб, жобалау саб, 5 БЖБ2, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), Adverb


Сабақ тақырыбы: 3D-панорама және (виртуалды саяхат) жасау

Фотопанорамалар – пайдаланушыларға болып жатқан барлық сәтті көрсетудің ең жақсы тәсілдерінің бірі, нысанды «ішінен» көрсету және т.б. Фотопанорамаларды тегін жасауға мүмкіндік беретін 6 құралды қарастырайық.


1. Image Composite Editor (34-сурет) Microsoft-тің өнімі Image Composite Editor – қолданыстағы ең қарапайым программа. Бұл программа фотосуреттен де, видеодан да панорама жасай алады. Программаның жоғары жағында, Импорт, Желімдеу, Қию және Экспорт үдерістерінің әрбір кезеңдерінен өтуге мүмкіндік беретін 4 батырма бар. Оң жақта панораманы жақсартуға болатын опциялар орналасқан. Жасалған файлды сапасы әртүрлі файл кеңейтіліміне экспорттауға болады. Құрылған панораманы экспорттаудан бұрын сырғымалы мәзірде орналасқан Quality (Сапа) қасиетін Superb (жоғарылатылған) мәніне өзгертеміз (https://www.microsoft.com/en-us/research/product/computational-photographyapplications/image-composite-editor/).

2. Photo Gallery (35-сурет)
Windows 7 және 8-ге кірістіріліп орнатылған Фотогалерея –өңдеудің негізгі мүмкіндіктері және тегтерді қосудың пайдалы функцияларымен қамтылған, фотосуреттерді ұйымдастыру программасы. Фотогалерея функциясының бірі – суреттердің панорамасын жасау. Бұл программа оны құрудың ең қарапайымы болып табылады.
Панораманы жасау үшін қажетті фотосуреттерді Фотогалереяға апару керек. Көшірілген фотосуреттердің барлығын ерекшелеп, жоғарыда орналасқан Create (Құру) батырмасын басып, Panorama мәнін таңдау керек. Панорама құрылғаннан кейін, оны компьютерде алдын ала көру мүмкіндігінсіз сақтау ұсынылады.

3. Autostitch (36-сурет)
Autostitch іске қосылғаннан кейін, буманың белгішесін басып, фотосуреттерді жүктеп алу керек. Программа оларды панорама жасау үшін автоматты түрде желімдейді (http://matthewalunbrown.com/autostitch/autostitch.html)




  1. Hugin (37-сурет)

Hugin – панорамаларды өңдеуге арналған озық программа. Ол түрлі фотоаппараттармен түсірілген фотосуреттерді, тіпті үлкен панорама жасау үшін бірнеше фотосуретті (жоғарғы және төменгі) жапсыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ линзаларды калибрлеу және 360° панорамалар жасау опциялары бар. Бірде-бір программада мұндай мүмкіндіктер жоқ. Суреттерді импорттағаннан кейін оларды дәл туралау керек, содан кейін программа тапқан қателіктерді, пайдаланушы өзі қолмен жөндеу керек. Осыдан кейін ғана Hugin жұмыс істей бастайды (http://hugin.sourceforge.net/).



5. Google Photos (38-сурет)
Google Photos миллиондаған пайдаланушылар үшін фотосуреттерді сақтауға арналған әдеттегі сервиске айналды. Ол Android, iOS платформаларында, сайт және тіпті компьютер үшін программа ретінде жұмыс істейді. Фотосуреттерді жүктеп алғаннан кейін көмекші функция пайда болады. Көмекші фотосуреттерді талдайды және оларды жақсарту жолдарын іздейді. Бұл – шамамен бір жерден түсірілген фотосуреттер іздеу немесе жеке фотосуреттерді қосу. Көмекші бір нүктеден алынған жапсарлас фотосуреттерді автоматты түрде анықтайды және оларды панорама жасау үшін желімдейді (https://www.google.com/intl/ru/photos/about/).



6. Dermandar (39-сурет)
Dermandar – фотосуреттерді 1–2 рет қана шерту арқылы, оларды панорамаға айналдыратын веб-сайт. Ол үшін веб-сайтқа өтіп, екі опцияның бірін (360°-ты немесе кеңбұрышты шолу) таңдау керек. Қажетті фотосуреттерді жүктеп, құралдың оларды желімдеуі үшін бірнеше секунд күтеміз. Нәтижесінде, тінтуір көмегімен бір бұрыштан екінші бұрышқа қозғалатын панорама алынады. Fullscreen батырмасы бейнені кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал Options батырмасы арқылы файлды компьютерге JPEG форматында сақтаймыз (http://www.dermandar.com)





Dermandar – онлайн сервисінде 3D панорама жасаудың
толық сипаттамасы. Оның көмегімен екі түрлі панорамалы суреттерді жасауға болады – 360° (іске қосылған кадрлардың оңтайлы саны – 6) және кең бұрышты панорама (3 кадр). Сапалы, анық және әдемі панорама жасау үшін, өлшемдері бірдей көп кадрды пайдалану ұсынылады. Әдетте, олар А–Я принципі бойынша сұрыпталады, яғни алғашқы сурет 1.jpg және алты фотосуреттен панорама жасаған жағдайда, соңғы 6.jpg деп аталуы керек. Бұл сервиспен жұмыс істеу принципі күрделі емес. Ол үшін басты беттегі Create Your Panorama-ны басу жеткілікті, әрі қарай панораманың қажетті типі орнатылады (40-сурет):

Содан кейін фотосуреттерді жүктеудің сұхбат терезесі пайда болады, бірақ жүктеу тәртібі туралы ұмытпаған жөн (А...Я). Бірнеше секунд немесе минуттан кейін экранда панорама пайда болады, содан кейін сервис оны қолданудың бірнеше нұсқасын ұсынады (41-сурет):



Мысалы, құрылған панораманы сервиске жүктеуге немесе сілтеме көмегімен жеке сайтқа орналастыруға болады. Ол үшін Dermandar сервисіне жұмысты бастамас бұрын тіркелу қажет. Алынған панораманы компьютерге сақтауға да болады. Егер оны веб-сайтқа қою керек болса, Youtube немесе басқа ұқсас сервистердегі сияқты Embed Code көшіру керек (42-сурет).




Сондай-ақ сервис сайтында тіркелген жағдайда картада панораманың орнын көрсете аламыз.

Тапсырма
1. Өз информатика кабинеттеріңнің және кабинет орналасқан қабат дәлізінің 3D панорамасын жоғарыда көрсетілген фотопанорамаларды құру әдістерінің көмегімен жасаңдар.
2. Фотопанорамаларды жасаудың барлық тәсілдерін пайдаланғаннан кейін, сендер үшін ең ыңғайлысын және тиімдісін таңдап, өз үйлеріңнің фотопанорамасын жасаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет