Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін "Сәлем - сөздің анасы" айдары
Психологиялық дайындық:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Еңбектену арқылы
«Бестікке» қол жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді. Топ басшыларын тағайындаңдар. Топ басшылары бағалау парағына топтың тізімін жазып, бағалап отырады.
-Оқушылар бізге үйге қандай тапсырма беріліп еді?
А.Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі бойынша еркін тақырыпта жазған ертегілерін мәуелі ағашқа ілу.
-Жарайсыңдар,оқушылар!-Ендеше назарымызды мына видеоға аударайық.
-Әдеби ертегі дегеніміз не?
-Ақселеу Сейдімбек туралы не білеміз?
Ол 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. 1963-1968 жылдары ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.
1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының президенті болып тағайындалды.
1999 жылы ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етті.Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.
-Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болды?
-Ер-азаматтарды құтқару үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?
-Ертегіні сахналау.
ІІІ. Жаңа сабақ