35-топ
4.12.2015 ж
Ашық сабақ:
Тақырыбы: «Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер»
Сабақ мақсаты
Білімділік: Оқушылардың қанықпаған көмірсутектер жайлы білімдерін одан әрі тереңдету, алкиндердің алынуы туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, білімпаздылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс:медицина, биология, арнайы пән.
Сабақ типі: интерактивті
Сабақ жүрісі
1. Ұйымдастыру кезеңі:(кезекшіні сұрау, студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығын қарау)
2. Өтілген тақырыпты қайталау
Қайталау сұрақтары:
1.Каучук қандай өсімдіктерден алынады?
2. Біздің еліміздің аумағында қандай каучук өсімдіктері өседі?
3. Каучук құрамы қалай анықталады?
4.Көксағызға қандай физикалық қасиеттер тән?
5. Каучукдың өзі көп қолданылмай, негізінен резеңкеге айналдырылатыны неліктен?
6. Каучук пен резеңкенің физикалық қасиеттерін салыстырыңдар.
7. Резеңкені көксағыздан тәжірибе жүзінде қалай айыруға болады?
8. Резеңке қандай мақсаттарда қолданылады?
Демек біз өткен сабақта көксағыз немесе каучук пен таныстық. Каучук Бразилияда өсетін гевея ағашынан алынады. Ал өзіміздің көксағыз таусағыз өсімдіктердің құрамында болады.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
1. Ацетилен көмірсүтектері.
2. Ацетиленнің құрылысы.
3. Гомолтық қатары.
4. Изомерил және номенклатурасы.
5. Алынуы.
6. Физикалық қасиеттері.
7. Химиялық қасиеттері.
8. Қолданылуы.
Молекуладағы құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер ацетиленді көмірсутектер немесе алкиндер деп аталады.
Алкиндердің жалпы формуласы CnH2n-2
Алкиндерді халықаралық атаулар жүйесі бойынша атау үшін сәйкес алканның атауындағы –ан жұрнағы орнына –ин жұрнағы жалғанып аталады. Мысалы: бутин-1
CH ≡ CH - CH2 - CH3
Достарыңызбен бөлісу: |