Алкиндердің құрылыстарымен бірінші мүшесі ацетилен. Ацетилен молекуласының құрылысын төмендегі формулалар арқылы бейнелеуге болады:
Н:С::С:Н Н-С=С-Н
Ацетиленнің ацетиленнің
электрондық формуласы құрылымдық формуласы
немесе НС=СН деп жазуға болады.
Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұқсас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың ан жұрнағын ин жұрнағына алмастырады.
НС=С-СН2-СН3
бутин-1 НС=С-СН2-СН2-СН3
пентин-1
Алынуы.
Өнеркәсіпте ацетилен көп кездесетін химиялық шікізат табиғи газдан алынады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса) ол көміртекпен сүтекке айырылады.
2СН4 15000 .С2Н2+3Н2
Зертханада да, өндірістеде ацетиленді алу үшін ең қарапайым және кең тараған әдіс карбидті әдіс қолданылады.
СаС2+2Н2О С2Н2+Са(ОН)2
Физикалық қасиеттері.
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен түссіз, иіссіз газ, суда нашар ериді. Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары артады. Алкиндердің бастапқы үш мүшесі газдар, С5 Н8- нан бастап сұйық заттар, ал ижоғары алкиндер C16H30 – қатты заттар.
Химиялық қасиеттері. Алкиндердің көптеген химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас.
1. Сапалық реакциялары. Алкиндер калий перманганаты қатысында тотығады және бром суын түссіздендіреді:
CH≡CH+Br2 → CHBr=CHBr
1,2-дибромэтен
Ацетиленге сүтектің қосылуы өртшіткі қатысында қыздыру арқылы жүруде.
CH≡CH+Н2 → СH2 =CH2
2СН2+5О2 → 4СО2 +2Н2О
Қолданылуы.
Ацетилен металдарды кесу және дәнекерлеу үшін пайдаланылады.
Өнеркәсіпте ацетиленнен сірке альлегиді, сірке қышқылы, этил спирті, синтездік каучук, пластмассалар және т.б. көптеген заттар алынады.
4. Бекіту тапсырмалары
Химиялық диктант
Молекула құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер .................... деп аталады.
Алкиндердің жалпы формуласы ...............................
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен .................., .............................. газ, суда нашар ериді.
Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары ......................................
Ацетилен металдарды ............... және .................... үшін пайдаланылады.
Теңдеуді аяқтаңыз:
1. СаС2+Н2О
2. CH4 →
3. C2H2 + O2 →
Есептер шығару:
1. Қалыпты жағдайда 1 л бутиннің массасы неге тең?
2. 10 л ацетиленді жағуға қажет ауаның көлемін (қ.ж) есептеңдер.
түссіз
|
рангсиз
|
безцветный
|
іиссіз
|
ҳидсиз
|
беззапаха
|
үш байланыс
|
уч боғ
|
тройная связь
|
қасиеттері
|
хоссалари
|
свойства
|
табиғи газ
|
табиий газ
|
природный газ
|
қолданылуы
|
қўлланилиши
|
применения
|
5. Оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма: 0,4 моль ацетиленді толық гидрлегенде этанның қандай көлемін алуға болады?
Оқытушы:...................Исламбаева Ф.
Достарыңызбен бөлісу: |