Сабақ Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері»



Дата28.06.2017
өлшемі58,26 Kb.
#20407
түріСабақ
«Әулиекөл» ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері»

Сынып: 9 «Ә»

Пән мұғалімі:Мұхтарова Д.Д

2016-2017
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №2 Аманқарағай орта мектебі Мерзімі:25.01.2017

Тақырып: Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері Мұғалімі:Мұхтарова: Д.Д

Сынып: 9 «Ә» Оқушы саны:16

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кішіпейілдік, ізгілік, жомарттық


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейте отырып сүйіспеншілік құндылығына баулу.

Міндеттері:

Кішіпейілділік қасиетінің адамдармен қарым-қатынаста маңызы зор екенін түсіндіру;

Адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту;

Оқушыларды кішіпейілдікке, ізгілікке, жомарттыққа тәрбиелеу:



Ресурстар:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 3 топқа бөлу.5Т ережесін еске түсіру.Құрал-жабдықтарды түгендеп, тыныштық сәтін өткізуге дайындалу.

Тыныштық сәті.  Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет


Үй тапсырмасын тексеру :

Оқушыларға әр ұлттың амандасу түрлерін айту тапсырылды.




Ойын-жаттығу.  Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Қайырлы таң!» сөзін эмоциямен көрсетіп, айту керек(көңілді,көңілсіз,ашулы). Оқушылардан қандай әсер алғандары туралы сұралып, талданады.
Әр топқа араласқан сөздер беріледі.Оқушылар берілген сөздерден бүгінгі тақырыпты құрастырып табу керек.

Жаңа тықырып: Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері.

Дәйексөз.

«Түсінудің өзі де-адамның үлкен еңбегі»

Б.Момышұлының сөзі

Дәйксөзді қайталап оқу. Мағынасын түсіндіру.Дәптерге жазып алу.






Әңгімелесу.Мұғалім сыйы.

Қарым-қатынас кезіндегі эмоция (бейнежазба көрсету)

Сұрақтар қою:

1.Екі жағдайдың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

2. Қарым-қатынастың бұзылуына көбінінде не кедергі жасайды?

3. Басқаларға қолдау беру үшін сендер көбінде қандай сөздер айтып жұбатасыңдар?







Шығармашылық жұмыс:

1-топ. Бірінші топқа жағдаят беріледі. Сол жағдаят бойынша сахналау көрсетеді. Қалған топтар талқылайды.

Бүгін Айжанның туылған күні еді. Оны сыныптастары құттықтап,сыйлық беріп жатты. Бір-ақ Асыл бүгін Айжанның туылған күні екенін ұмытып кетіпті. Оған дайындаған сыйлығы да болмады. Ол дер кезінде өзі қолдан сыйлық жасауды ұйғарды. Досының көңілі үшін құр қол қалғаннан бір нәрсе сыйлаған дұрыс қой деп шешті.Ол өзінің істеген ісін жөн көрді. Қолдан жасаған сыйлығын Айжанға шын жүрегімен сыйға берді.

-Айжан «Үлкен рахмет! Маған өте ұнады»- деп қабыл алды.

Бір-ақ Асыл кетіп қалғаннан кейін Айжан басқа құрбыларына оның сыйлығы ұнамағанын айтып ренжиді. Шынын айтқанда оның сыйлығын менсінбейді. Оған қосылып құрбылары да қостап жатты.


2-топ. Оқушыларға Дөрекі сөздерді (дисфемизм) сөздер беріледі. Осы сөздерді (эвфемизммен) ауыстыру керек.Мысалға:

Көзің көрмейді ме?

Тамақ ішпедің бе қатты сөйлеш!

Жолдан әрі тұршы қыстырылыспай!

Қолым бос емес,кедергі келтірмеші маған!

Сенікі дұрыс емес!Мен не үшін сенен кешірім сұраймын?!

Тамақ сондай дәмсіз,тұзы аз, үйде тұз жоқ па не?
3-топ.

Бір ауыз сөз өлеңін құрастырып,мағынасын түсіндіреді.

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дертті жияды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз жамандыққа қияды.
2.Мұғалімге сұрақ және жауап. Кестені толтырады.


Мен нені білгім келеді?

Мен нені білдім?













Топпен ән орындау.

«Әсем ән» әнін орындау

Орындаушы: Серік Ибрагимов пен Лашын тобы





Үйге тапсырма

Кешірімді қалай сұрау керек? Сен кешірмді дұрыс сұрау үшін қандай кеңес берер едің?






Сонғы қорытынды тыныштық сәті.

Көзімізді жұмамыз. Денемізді түзу ұстаймыз.Терң тыныс аламыз.

Енді балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, өздеріңе не алдыңдар соны естеріңе түсіріңдер!

Ақырын көзімізді ашамыз.Рахмет!Сау болыңыздар!







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет