Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері Сабақ мақсаты



бет2/2
Дата21.07.2017
өлшемі1,19 Mb.
#21383
түріСабақ
1   2

Бағалау

  • Өз басқа топтарыға баға қойыңдар.








2-тапсырма

Сарамандық жұмыс


  • Балалар, сендердің алдарыңда қорап бар. Қораптың ішіндегі заттарды өз топтарыңның атауларына байланысты таңдап алыңдар. Неге бұл затты алғандарыңды дәлелдеп беріңдер.













  • Құлақ тобы дискті таңдапты. Олай болса, бұл топты тексерейік. Мен сендерге дисктегі жануарлардың дыбыстарын қоямын, ал сендер олардың аттарын атау керексіңдер.


Көз:


*Біздің топ –көз тобы.

*Біз кемпірқосақ суретін таңдадық.

*Оның жасыл, қызыл, көк және т.б. түстері бар.

*Кемпірқосақты көзбен көреміз, қолмен ұстай алмаймыз, иісін сезе алмаймыз.

*Көз – көру мүшесі.

Тіл:


*Біздің топ – тіл тобы.

*Біз қант пен тұзды таңдадық.

*Қант – тәтті.

*Тұз –ащы.

*Тәттіні – тілдің ұшымен, ащыны – екі жағымен сеземіз.

*Тіл – дім сезу мүшесі.

Тері:

*Біздің топ – тері тобы.



*Біз допты таңдадық.

*Себебі оны қолмен ұстаймыз, ал қолда тері бар.

*Доптың жұмсақ екенін, шипасы бар екенін сездік.

*Тері –сипап сезу мүшесі.

Мұрын:

*Біздің топ – мұрын тобы.



*Біз әтірді таңдадық.

*Әтірдің иісін мұрнымызбен сеземіз.

*Оның иісі жағымды.

*Мұрынмен дем аламыз.

*Мұрын – дәм сезу және дем алу мүшесі.

Құлақ:


*Біздің топ – құлақ тобы.

*Біз «жануарлар дауыстары» деген дискті таңдадық.

*Себебі онда әр түрлі дыбыстар жазылады.

*Ал дыбыстарды біз естиміз.

*Құлақ – есту мүшесі.






Бағалау

Топ басшылары бағаларыңды қойыңдар.








Сергіту сәті


  • Ал, енді, орнымыздан тұрамыз. Біздің сезім мүшелерімізді сергітейік. Олай болса, «Сезім мүшелері жаттығуын» жасайық. (Музыка ойнап тұрады)









3- тапсырма

  • Енді, әр топ атауларыңа байланысты осы сезім мүшелерінің күтуін атап, дәлелдейсіңдер.

Көз:


*Үшкір затпен ойнауға болмайды, себебі көзге кіріп кетуі мүмкін.

*Қолмен көп уқалауға болмайды, көз ауыра бастайды.

*Көзге бірдеңе түссе, жылы қайнатылған сумен шаю керек.

*Қараңғыда кітап оқуға болмайды, көз көруі нашарлайды.

*Теледидар және компютерде көп отыруға болмайды, себебі көздің көруі нашарлайды.
Тіл:

*Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі кесіп алуың мүмкін.

*Тамақты асықпай жеу керек, өйткені тілді тістеп алуымыз мүмкін.

*Тамақтан кейін ауызды шаю керек, өйткені тамақ қалдықтары қалады.

*Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.
Мұрын:

*Мұрынды үшкір затпен тазалауға болмайды.

*Мұрынды жылы сумен шайып отыру керек.

*Оны арнайы құралмен тазалау керек.

*Жылы киіну керек, құлаққа суық ттиіп қалуы мүмкін.
Тері:

*Теріні үшкір заттардан сақтау керек, себебі

жараланып қалуы мүмкін.

*Өткір заттардан сақтану керек.

*Ашық жиі жуынып отыру керек.

*Жылы киіну керек.


Құлақ:

*Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды, себебі дабыл жарғағына тиіп кетуі мүмкін.

*Оны арнайы құралмен тазалау керек.

*Жылы бас киім кию керек, өйткені суық тигізіп алуымыз мүмкін.

*Құлақты жылы сумен жуып отыру керек, себебі құлық жиналып қалады.






Бағалау

  • Ал, енді, баға қояйық.








Бекіту




  • Сендердің парталарыңның үстіндегі А3 қағазында сөздер жазылған. Осы сөзерді топтарыңның атауларына байланысты сәйкестендіріңдер. 1 оқушы шығып, айтып береді.







Қорытынды

  • Ал, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Бұл сабақта не білдіңдер?

  • Олай болса, Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» деген өлең жолдарын еске түсірейік.

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?



Елге көмек беру үшін.


Бағалау

  • Егер тапсырма бойынша «+» болса, мына құмыраға қызыл түсті гүлді жабыстыр.

  • Егер тапсырмада «-» болса, сол құмыраға сары түсті гүлді жабыстырамыз.

  • Ал, енді, балалар қараңдаршы. Қандай түсті гүлдер көп?

  • Ендеше біз бүгінгі сабақта білім шыңына жеттік. Себебі қызыл түс тапсырмаларды дұрыс және толық орындалғанын, сендер мақсаттарыңа жеткенін білдіреді.

-Қызыл

Үй тапсырмасы

  • Үйде 20 бетті оқып келіңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет