Сабақ тақырыбы: Айналым капиталы туралы түсінік, айналым қаражаттары мен айналым қорларының құрамы мен құрылымы



Дата06.02.2022
өлшемі23,79 Kb.
#81853
түріСабақ
Байланысты:
â 18 Ð Ó Ñ Ñ Ñ


2Бөлім. Кәсіпорынның ресурстары және оларды пайдалану көрсеткіштері
Курс тақырбы: 2.2. Ұйымның айналым қорлары және айналым құралдары
Сабақ тақырыбы: Айналым капиталы туралы түсінік, айналым қаражаттары мен айналым қорларының құрамы мен құрылымы.


Айналым қаржысы – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.
Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.
Айналым қаржының құрамы:

Айналым қаржысы

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

Өндірістік қорлар

Аяқталмаған өндіріс

Болашақ мерзімнің шығындары

Дайын өнім

Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім

Қосымша қорлар

Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с

Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары

Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді.

Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім

Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім

Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с

Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.
Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан.
Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) — бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.
Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) — операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі.
Ағымдағы міндеттемелер — мерзімі бір жылдан артық болмайтын қарыздар.
Таза айналым капиталы — ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болатын көрсеткіш. Оның жетіспеушілігі компанияның жоюылуына әкелу мүмкін. Бұл көрсеткіштің деңгейі компания қызметінің тәуекелділігімен және рентабельділігімен тығыз байланыста болады.
Активтер мен пассивтер арасындағы ара-қатысқа байланысты ағымдағы активтерді қаржыландырудың төрт стратегиясын көрсетуге болады: идеальды, консервативты, агрессивты және компромисты. Таза түрде ешқандай стратегияны қолдануға болмайды. Қорларға басқару саясатын оңтайландырғанда келесі есебке алынады:

  • тапсырыс жасалғанда қолданылатын қор деңгейі;

  • қорлардың минимальды мүмкін деңгейі (сақтық қор);

  • тапсырыстың оңтайлы партиясы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет