Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Айналу денелері. Цилиндр
11 «А» сыныбы
Математика пәні мұғалімі:
Мамбеталиева Қарылға Тулеуовна
Күні: 9.12.2015 жыл.
Сыныбы: 11 «А»
Сабақ тақырыбы: Айналу денелері. Цилиндр
Сабақ мақсаты: Цилиндр тақырыбына есептер шығару
Білімділік: Цилиндр тақырыбын қалай меңгергендігін байқау. Ережелерді, формулаларды ескере түсіре отырып есепті дұрыс, тиімді әдіспен шығаруға дағдыландыру, білімін ұлғайта түсу.
Дамытушылық: Цилиндрдің бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту. Өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;
Сабақ түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Оқу – құралдарын түгелдеу.
Сергіту сәті. Психологиялық ақуал тудыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау
Үй тапсырмасын оқушылардан сұрақ қою арқылы тексеремін.
Достарыңызбен бөлісу: |