Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
|
Жаңа сабақты түсіну.
Жұптық жұмыс.
Тапсырма 2.
Есеп: Дүкенде 12 қуыршақ k тенгеден және 13 мәшине ойыншығы m тенгеден тұрады. Ойыншықтардың құнын табу үшін өрнекті құрастырыңыз. Дүкенге тағы 7 қуыршақ k тенгеден және 5 мәшине ойыншығы m тенгеден әкелінді.
Дүкендегі барлық қуыршақтар мен мәшине ойыншықтарының құнын табыңыз.
Шешіміңізді түсіндіріңіз.
Осы есепке ұқсас өз мысалыңызды келтіріңіз.
Оқушылар бұл есептің толық шешімін көрсетулері және өз мысалдарын оқулары керек.
Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі.
Есептің шешімі:
12k+13m
12k+7k+13m+5m=19k+18m.
Тапсырма 3.
Жұптық жұмыс.
3∆+1∎- 6∎+7∆ - 5𝛻;
-5c+2,6a-3,8+8a–7,5c+9ac-10
Қалай ойлайсыздар, берілген өрнектердегі қандай қосылғыштарды бір-бірімен қосуға болады?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін bilimland.kz/kk сайдынан видео көрсетіледі. Ойлан және сұрақтарға жауап беріңіз:
Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?
Ұқсас қосылғыштардың коэффициенттері дегеніміз не?
Сосын оқушыларды коэффициент және ұқсас мүшелер анықтамаларын тұжырымдауға жетелеу.
Алгебралық өрнекті жазу барысында коэффициент пен әріпті бөлігіне, ұқсас мүшелерді біріктіруге оқушылардың назарын аудару керек.
|
Тапсырма 1.
Тұжырымдар дұрыс па? Жауабыңды түсіндір.
1) Кез келген сандық өрнекке сандық мән табуға болады. Неліктен нақтылаңыз.
2) Кез келген алгебралық өрнекке сандық мән табуға болады.
3) Бөлшектің бөлімін нөлге теңестіретін айнымалылардың мәндері мүмкін емес болып саналады.
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі
|
|
|