XIV ғасырдың екінші жартысынан ортағасырлық Италияда капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері пайда бола бастады. «Қайта өркендеу» (өрлеу) деп аталған ерте буржуазиялық мәдениет те тұңғыш осы елде қалыптасты. XV ғасырдың аяғында және XVІ ғасырда қайта өрлеу мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті.
Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі – Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жақсы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты. Сурет және мүсін өнері жаңа сатыға көтерілді.
XV ғасырдың аяғы мен XVІІ ғасырдың бірінші жартысында Еуропа елдерінде ағарту ісі дами бастады.
Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі қайраткерлері осы күнге дейін адам баласы мақтаныш ететін, қайталанбас туындылар қалдырып кетті.
|