Сабақ тақырыбы Қайталау. Ондық бөлшектер



бет1/3
Дата08.11.2019
өлшемі173 Kb.
#51266
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6-сынып №1
6-сынып №1


Қысқа мерзімді жоспар


Оқу меңгерушісі:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-сыныптағы математика курсын қайталау.



Мектеп: .№7 ЖОББББММ


Күні: 3.09

Мұғалімнің аты-жөні: Закарьянова А.Б.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталау. Ондық бөлшектер




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.26

ондық бөлшектерді салыстыру;

5.1.2.27

ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

5.1.2.30

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Ондық бөлшектерді салыстырады;

  • Ондық бөлшектерді қосады;

  • Ондық бөлшектерді азайтады;

  • Ондық бөлшектерді көбейтеді;

  • Ондық бөлшектерді бөледі;

  • Ондық бөлшектерді өрнектер ықшамдауда қолданады.

Бағалау

критерийлері



Білім алушы:

  • Ондық бөлшектерді салыстыра алады

  • Ондық бөлшектерді қоса алады

  • Ондық бөлшектерді азайта алады

  • Ондық бөлшектерді көбейте алады

  • Ондық бөлшектерді бөле алады

  • Ондық бөлшектерді өрнектер ықшамдауда қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін біледі

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бөлшектерді қосу, азайту, көбейту ,бөлу ережелерін біледі және салыстырады.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер



  • Ондық бөлшектерді салыстыру үшін ..

  • Ондық бөлшектерді қосу үшін ...

  • Ондық бөлшектерді азайту үшін ...

  • Ондық бөлшектерді көбейту үшін ...

  • Ондық бөлшектерді бөлу үшін ...

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, тез ойлауға, тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар.

Бастапқы білім


Натурал сандарға амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин



Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар өздерін өзі, жауаптарын айтып отырып тексереді.

Оқушыларға бүгінгі қайталау сабағының тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлрін презентация бойынша таныстырады.

Өткен тақырыптан қайталау сұрақтары:

С-1: Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?

С-2: Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?

С-3: Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?

С-4: Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?

С-5: Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз?


Презентация

Сабақтың ортасы

4 – 15 мин




Қайталау сұрақтары арқылы ережелерді қайталай отырып, презентацияда берілген мысалдармен пысықтайды.

Ондық бөлшектерді салыстыру үшін қажет:

1)олардың бүтін бөлігін салыстыру керек

Егер бүтін бөліктері тең болса, онда ондық үлестерін салыстыру, содан соң жүздік т.с.с.

Мысалы:

Салыстыр: 256,792 және 256,793.



Бүтін бөліктері тең , ондық, жүздік үлестері тең.

Ал сол жақ бөліктің мыңдық үлесі кіші, ендеше сол жағы кіші.

256,792< 256,793.

2) Ондық бөлшектерді қосу және азайту үшін



үтірді үтірдің астына қойып, натурал сандарды қосу ережелері сияқты орындаймыз. Шыққан нәтижеде де үтірді үтірдің тұсынан айырамыз.



Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу үшін оқушылармен ережелерді еске түсіреді ,(25 , 29, 30 слайдтар) презентацияда мысалмен тиянақтайды. Ондық бөлшектерді бөлу үшін бөлгішті натурал санға айналдырып, бөлуді орындаймыз . Бөліндіде үтірді бүтін бөлігі бөлінген соң қоямыз.

Өзіңді тексер:

Ондық бөлшекті жазыңдар :

а) ноль бүтін оннан жеті;

б) он бүтін жүзден жиырма үш;

в) екі бүтін жүзден үш;

г) ноль бүтін мыңнан жүз қырық бес

д) екі бүтін мыңнан тоқсан алты

Ауызша есептеу:

а) Салыстыр

б) Ондық бөлшектерді қосу

в) Ондық бөлшектерді азайту

с) Көбейтуді орындау

д) Бөлуді орындау



Эстафеталық тапсырмалар. Оқушылар топтарда кезек- кезек тез шапшаң жауап беріп жарысады. Содан соң жазбаша эстафеталық тапсырмалар.

Презентация
http://www.webmath.ru/poleznoe/formules_12_17.php



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет