Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақ тақырыбы: Айтыс шебері – Жамбыл
Сабақтың мақсаты: білімділік – а) айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы,айтыс ақыны ретінде танылуы,айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, ә) Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру; дамытушылық – а) оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту,ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, ә) өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту; тәрбиелік – ақын бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға,адамның жан дүниесін тани білуге,көркем әдебиетті сүйіп оқуға,өлеңді талдату арқылы елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ,танымдық сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,салыстыру,әңгімелеу,талдау,іздену,зерттеу.
Сабақтың көрнекілігі: ілестірме қағаздар,тест тапсырмасы,ақын өмірі туралы буклет,тірек сызбалар,нақыл сөздер,фотослайдтар,көркем әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс:тіл,халықтық педагогика,тарих.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық жүргізіледі.
Сынып үш топқа бөлінген.Әр топ жетекшісі өз топтарының сабаққа әзірлігін тексеріп шығады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Ақын,жазушы,Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазып келген «Ілияс Жансүгіров – қазақ өнерінің жыршысы» атты тақырыпта шығармалары оқылады.Оқушыларға екі нұсқада тест жұмысы таратылып орындалады.
ІІІ. Ой ашар.
Жаңа сабақа әзірлік.
1.Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады.Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт-азаттық күреске байланысты жазылғандығы айтылады.
2.Айтыс өнері,оның даму кезеңі,айтыс ақындары,Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.
IV.Мағынаны тану.
Жаңа сабақ.
Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.
1.Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң-мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай,Махамбет,Сүйінбай,Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.
Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастыра қаусырып жатқан ұлы тұлға!
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...
2.Шығармашылығы. Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады.Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды,халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды.Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б. өлеңдерінде жиі кездеседі.
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанда.
Тағы бір өлең-жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп,ерлікке үндейді.
3.Айтыстың асқан шебері. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан.Өз тұсында небір бұлбұл,небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген.Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді.Жамбыл жастықтың салтын сақтап,Айкүміс,Бұрым,Сара сияқты қыздармен айтысады:
Сыртың бір сұлу жан екен,
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр мінезің бар екен,
Сөйлесуге ерінген.
Қамқа камзол киінген,
Қас қабағың керілген.
Жамбыл Құланаян Құлманбетпен 1881жылы,Сарбас ақынмен 1895 жылы,Досмағанбетпен 1902 жылы, Шашубаймен 1909 жылы айтысады.
Жамбылдың атақ-абройын аспандата көтерген айтысы – Құланаян Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет өз сөзі арқылы қарапайым халықты көнбістікке,кіріптарлыққа, бағыныштылыққа шақырып,ақындық өнерді байлықтан,барлықтан төмен қояды.
Жамбыл:
Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт- , дейді.Сөйтіп,Жамбыл айтыстарда аттың басын соны сонарға бұрып,елінің мәртебесін көтере,ел қорғаған азаматының атын атойлай,езілгендер мен жәбір шеккендерге ара түсе шырқайды,ел мүддесін қорғайды.
4.Іздену жұмыстары.
Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ
Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам,өз өлеңіңді шығар,бірақ оны жұрт жаттап алатын,ешкім ұмытпайтын өлең болсын.Шындықты айт,әділдікті жырла».
ІІ топ
1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып,мағынасын таныстырыңыз.
Үйсін,Найман саңлағы, Желді күнгі қамыстай
Өстепкеде жиылдың. Жапырылып иілдің.
Елде жүрген егейлер, Келтіріңдер намысты,
Ұлық көрсең ұйлығып. Бек қорланып күйіндім.
Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.
ІІІ топ
Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз.
Ақыры,міне,екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында,үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып,палуандай шайқасып ұстаса кетеді,дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.
Дәптермен жұмыс. Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын (1 шумақ) жазып,өлең ұйқасына талдау.
V. «Ой толғаныс»
Жаңа сабақты бектіту. «Зерттеу» жұмыстары.
1-тапсырма. Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз.Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?
2-тапсырма.Сүйінбай мен Жамбылдың қарым –қатынасын қалай бағалауға болады?(«бала Жамбылға бата» өлеңі мәнерленіп оқылады.)
Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық.Жамбыл ұстазы Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап,ұстазының есімін ардақ тұтумен өтеді.
3-тапсырма. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.(Венн диаграммасы)
VI. Үйге тапсырма.
1.Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу.Әр айтысынан үзінді жаттау.
VII. Поэзия минуты.Әр оқушы өз шығармашылығынан өлең оқиды.
VIII. Топ бойынша бағаланып, көп ұпай жинаған топ «Жамбылдың шәкірттері» атанады.
Достарыңызбен бөлісу: |