Пәнаралықбайланыс
Қосымша тапсырмалар
|
Дүниетану. Отбасындағыдәстүрлер.
|
Оқушылардан басқа ұлттардың тағамдары туралы не білетіндерін сұрап көру.
Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сызады.
Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әр түрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрлерін таңдағанын бақылау.
Жауабы:
Берілген азық-түліктерден: күріш ботқасын, қара құмық ботқасын, сүзбе қосылған нан, уыздық, омлет, жеміс-жидек салаты, сарымай жағылған бутерброд дайындауға болады. Сусын: шырын, сүт, сүт қосылған какао. Қант ботқа мен какаоға қосу үшін қажет.
|
Бағалау
|
Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған та
ғамдар пайдалы болатынын түсінеді.
Жұппен жұмыс.
«Әжеңе көмектес» Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды дұрыс бояған оқушыларды анықтау. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесу.
Жауабы:
Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.
Топпен жұмыс.
Бұл тапсырманы орындауда зиянды және пайдалы тағамдарады ажыратып, суреттерін екі бағана бөліп жабыстыру қажет. Әр уретке тоқталып, себебін түсіндіруді өтіну. Хатқалтада жемістер, көкеністер, құрт, гамбургер, тәтті чупа-чупс кәмпиттер суреттері салынған.
Жеке жұмыс.
Үлестірме әрқайсысына таратылады. Тапсырма:
-Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+»белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына«-» белгісін қойыңыз.
Осы тапсырманы орындату арқылы әрбір оқушының пайдалы және зиянды тамақтар туралы нақты түсініктері байқалады.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2.Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2. Рефлексия. Бұл кезеңде бағдаршам әдісі қолданылды: жасыл түс - түсіндім, сары - сұрақтарым бар, қызыл –түсінбедім.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|
Достарыңызбен бөлісу: |