Ашық сабақ "Аламан" 6-шы сынып
Сабақ тақырыбы: "Аламан" ойыны.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын артыру.Оқулықтағы әдебиеттік оқу материалдарын түсіну, сөздік қорын байыту, аударма жасауға дағдыландыру, қазақша байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
Дамытушылық:Есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сол сөздерден өнеге алуға баулу. Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ, дәстүрлі емес сабағы.
Сабақтың түрі:Сайыс,ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Қ Бітібаеваның инновациалық технологиясы бойынша.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: Екі команда оқушыларын ортаға шақырып, бір -біріне сәттілік тілейді.
Мұғалімнің оқушылармен сәлемдесуі.
• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
• Сабақ барысы туралы түсінік беру.
Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,
Еңбекті сат,ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,-деп 6-шы "б" мен "в" сынып оқушыларын «Жылы жүрек» пен «Қайрат » топтарын ортаға шақырамыз.Әр топ өздерін таныстырып команда аттары мен ұрандарын айтады.
Топтың аты: " Сегіз қырлы арулар"
Біздің ұранымыз:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты сегіз қырлы арулар
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ару аты затына сай қашанда,
Өзгелерге үлгі болар әманда.
Бас иеді сіздер үшін халайық
Айдай сұлу сегіз қырлы қыздарың
Ақ пейілі адал жолдан таймаған,
Сабина, Даша,Малика, Милана, Ләйла
қыздарыңбыз кең пейілді.
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ. (Н.Ә. Назарбаев)
Елбасымыздың сөзімен біздің "Аламан" ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынның шарты:
ойыншы сектор (тақырып) таңдайды,
сұрақтар әр деңгейде берілген
“10”, “20” – ІІІ деңгей (“3”)
“30”, “40” – ІІ деңгей (“4”)
“50” – І деңгей (“5”)
дұрыс шешкен жағдайда ойыншылар әр деңгейдегі ұпайға ие болады,
тапсырманы дұрыс орындамаса, онда ұпайы қарсыласын топқа беріледі,
келесі секторды міндетті түрде басқа топ таңдайды.
Ойынды қай команда бастайтынын қоржыннан номерленген асықтарды таңдау арқылы білеміз.Сонымен команда басшыларын ортаға шақырайық.
"Ақындар" секторы бойынша сұрақтары:
1)Өлеңнің авторын тап?-10
Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Адам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем (Қадыр Мырза Әли)
2)М.Әлімбайдың өлеңі қалай аталады?-20
Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Ағыл-тегіл ағымыз.
Жаздай күткен бәріміз
Сары алтындай сары күз.
Алтын ұя – мектепте
Сабақ бастар шағымыз. (Алтын күз)
3)Өлеңнің авторы кім?-30
4) Өлең қалай аталады?-40
Астана – арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
Төкті оған нұрын дала,
Астана – сұлу қала.
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.(Т.Молдағалиев)(Астана) Каза0станны4 астаналарыны4 ата
Астана
5)Суреттегі ақынның аты-жөнін ата. -50.(Мұқағали Мақатаев)
"Ережелер"секторы бойынша сұрақтар.
1)Зат немесе құбылыс атауы не?-10 (сөз)
2)Барыс септігінің жалғауларын ата.(ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не)-20
3)Сұрақтарын аударып, септігін анықта. -30
................... таппақ:
(Кого?) бұның басынғаны?
(Что?) көздеп, тасынғаны? (Табыс. Кімді? Нені?)
4)Заттың сыны мен сапасын, әр түрлі дәрежелік сипатын білдіретін белгілер қалай аталады? (шырайлар)-40
5)Қимыл - әрекеттің сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі.
(анықтауыш)
"Мақал-мәтелдер" секторы бойынша сұрақтар.
1)Мақалдардың тақырыбын анықта. -10 (достық туралы)
Жаман жолдастан таяғым артық.
Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.
2) Мақалдың орыс тіліндегі баламасын айт. -20
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы. (Одежда хороша новая,
а друг старый)
3)Мақалдың жалғасын тап.-30
Абыройлы анаң да - ..........
Асқар таудай әкең де - ..........(отан)
4)Мақалдың жалғасын тап. -40
Досы көппен сыйлас,
(Досы азбен сырлас )
5)Мақалды қазақ тіліне аудар.-50
Над бедой друга не смейся,
то же может случится и с тобой.
Күлме досыңа – келер басыңа
"Жұмбақтар" секторы бойынша сұрақтар.
1)Қырық екі аты бар,-10
Танысаңдар - айтыңдар.(әріптер)
2)Бір қарыс таяқ алдым,-20
Алдым да жұмысқа салдым.(Қарындаш)
3)Қаласы бар, үйі жоқ,
Өзені бар, суы жоқ,
Орманы бар, бүрі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ.(карта)
4)Ойнақтаса қолыңда-40
Із қалмайды соңында.(өшіргіш)
5)Оқушыға күнде еріп жүретін не?-50
(күнделік)
"Музыка" секторы бойынша сұрақтар.
1)Мына музыкалық шығарма қалай аталады?-10
(Қаражорға)
2)Күйдің авторы кім? -20
(Құрманғазы)
3)Ән қалай аталады?-30
(Ана туралы жыр)
4)Күйдің орындаушысын ата-40
(Асылбек Енсепов)
5)Күй қалай аталады?-50
(Сарыарқа)
1)Әр команда бір секторды таңдап сұрақтарға жауап береді.
2)Сектор сұрақтарына жауап беріп болғаннан кейін "Үй жұмысы"айдары бойынша берілген тапсырмаларын көрсетеді.(Бұл жерде әр топ өздерінің өнерін көрсетеді: ән, би немесе шағын көрініс.)
Бұл тур 10 ұпаймен есептеледі.
3)Әділқазылар ұпай санын есептегенше жанкүйерлермен ойын ұйымдастырылады. Ойын "Тапқыр"(Ойыншылар парақшаға жазылған сөздерді өздері оқып. Сол сөздің атауын, мағынасын қимылмен немесе ыммен жанкүйерлерге көрсетіп, түсіндіру керек.Егер жанкүйерлер сол жасырған сөздің атауын тапса ойыншыға бір бал қосылады.Әр топқа 10 сөзден беріледі.)
4)Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Оқушыларды марапаттау:1)Мақтау қағазын беру.
2)Жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |