№5 тапсырма. 72 бет
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде күтіледі.
-Барлығы (А деңгейлі оқушы)алгоритм ұғымын, орындаушы ұғымын, алгоритм қасиеттерін, түрлерін мен жазу жолдарын айырып таниды
-Көпшілігі (В деңгейлі оқушы)алгоритм, алгоритм жазу жолдары және алгоритм түрлері жайлы білімдерін практикалық есептер шешуде қолданады
- Кейбіреулері (С деңгейлі оқушы) алгоритмнің әрбір түрі жайлы білімдерін түйіндейді, әрі сабақтағы тәжірибелік жұмыстарға сыни талдау жасайды
|
Ауызша бағаланады.
«Қарама-қарсы шабуыл» әдісін қолдану арқылы бағаланады.
Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы іске асады.
|
Көз гимнастикасы жасалынады (немесе қысқа уақыттық сергіту сәті жүргізіледі).
Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық (инструктаж) беріледі.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:Ой шақыру қызығушылықты тудырды
2: топтық жұмыс сәтті шықты
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: деңгейлік тапсырмаларды әлі де болса оқушылардың білім деңгейлеріне байланысты таңдау уақытты үнемдеуге септігін тигізер еді
2: Оқу мақсаттары ауқымды болғандықтан, оларды біріктіріп, қысқарту керек
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Соңғы сабақ болғандықтан оқушылар қатты шаршап отырды – сергітуді сабақтың екінші жартысында да жасау қажет.
|