Сабақ тақырыбы: Аминдер. Амин қышқылдары. Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар туралы түсінік



бет2/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,71 Mb.
#14822
түріСабақ
1   2   3

Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар.Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.

Химиялық қасиеттері:


  1. Аминдердің протон қосып алуы:

NH3 + HOH+ 9O2Ò NH4+ O H

2. Аминдер аммиак тәрізді қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді:

NH3 + HClÒ4CO2 + NH4Cl

3. Аминдер ауада жанады:

4CH3 – NH2 + 9O2Ò4CO2 + 10 H2O + 2N2

Жеке өкілдері және олардың қолданылуы

Метиламин CH3 – NH2 - өткір иісті, түссіз газ. Иісі аммиактың иісіне ұқсас. Суда жақсы ериді.

Дәрі –дәрмектер алу үшін қолданады. Сонымен қатар метиламиннен бояғыш заттар және беттік белсенді қосылыстар алынады.



Гексаметилендиамин H2N (CH 2) 6– NH2 - түссіз кристалды зат, суда ериді. Полиамидтер және синтездік талшық – нейлон алу үшін қолданылады.

Анилин C6H5NH2 – өзіне тән иісі бар, түссіз майлы сұйықтық. Дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, анилинді бояулар алуда қолданылады.

Амин қышқылдарының кейбір өкілдері



Қышқылдардың аты

Формуласы

Аминсірке

Аминпропион

Аминмай

Аминвалериан

Аминкапрон

Аминэнант



H2N – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 -CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 - CH2 - COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – COOH

H2N – CH2 – CH2 – CH2 –CH2 – CH2 – CH2 – COOH




Аминқышқылдары дегенімізмолекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН топтары бар органикалық қосылыстар.

Жалпы формуласы: (NH2)mR(СООН)n

Аминқышқылының қарапайым өкілі- аминсірке қышқылы (глицин)

NH 2 – CH2 - COOH

Тірі ағзада нәруыздың синтезі үшін аминқышқылдарының маңызы өте зор. Амин қышқылдары медицинада пайдаланылады. Адам қатты әлсірегенде аминқышқылдарын дәрі ретінде тағайындайды.



Метионин, гистидин - бауыр емдеуде

Глутамин қышқылы – жүйке ауруларын емдеуде

Цистеин – көз ауруларын емдеуде

Глицин – жүйке шаршағанда қолданады.

Гетероциклді қосылыстар циклге көміртек атомдарынан басқа да элементтердің атомдары кіретін қосылыстар. Ондай атомдарға азот, күкірт, оттек және т.б. элементтердің атомдары жатады. Гетероциклді қосылыстар мейлінше көп және әр алуан.

Көміртекпен бірге цикл құруға қатысатын элемент атомдары гетероатомдар деп аталады. Олардың санына байланысты моно-, ди-, три-, жәнет.б. гетероатомды қосылыстар болады.

Гетероциклді қосылыстар табиғатта көп таралған (витаминдер, алкалоидтар, пигменттер және жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрамдыбөліктері). Азотты гетероциклді қосылыстардың биологиялық процестерде маңызы зор. Бес мүшелі, алты мүшелі қосылыстар тұрақты болады. Осы қосылыстарға тоқталамыз

Пиррол

Пиррол. C4H5N — бес мүшелі азотты гетероциклді қосылыс:



Пиррол таскөмір шайырының құрамында болады, сондықтан одан фракциялық айдау арқылы алынады. Өндірісте фуран мен аммиакты әрекеттестіріп алады. Пиррол — түссіз сұйықтык, суда нашар ериді, ауада тез тотығып, қоңырқайланып кетеді. Пирролда екіншілік азот атомы (NH тобы) бар, екіншілік аминдерге ұқсас болғанымен, негіздік қасиеті әлсіз, қышқылдармен тұрақты түз түзбейді. Себебі, азот атомының жұп электроны ароматты-электронды жүйе құруға қатысады.



Пиримидин молекуласында екі азот атомы бар, алты мүшелі гетероцикл. Оның сақинасы көптеген биологиялық маңызды заттардың құрамына (нуклеин қышқылы, дәрі-дәрмектер, кейбір витаминдер) кіреді. Пиримидиннің оттекті туындылары — урацил, тимин және цитозин:

Бұларды жалпы атаумен  пиримидин негіздері деп атайды.



Олар нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді (РНҚ, ДНҚ) және олардың гидролизі кезінде түзіледі.

Пурин топтары көптеген қосылыстардың нуклеин қышқылы құрамына пурин негіздері — аденин (А), гуанин (Г) түрінде кіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет