Сабақ тақырыбы: Аминдер. Амин қышқылдары. Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар туралы түсінік



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,71 Mb.
#14822
түріСабақ
  1   2   3
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 15

Пәні: химия

Сабақ тақырыбы: Аминдер. Амин қышқылдары. Құрамында азоты бар

гетероциклды қосылыстар туралы түсінік.



Сабақ түрі: теориялық

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сатылай кешенді талдау технологиясы, « Ойланудың алты қалпақ» әдісі, ойын элементтері


Сабақтың

мақсаты

Білімділік:

Білім алушыларға аминдер, аминқышқылдары, құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстардың құрылысы,олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру




Дамытушылық:

Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дадыларын жетілдіру. Аминдер, аминқышқылдары, нәруыздар туралы білімдерін жетілдіре келе, іскерлік дағдылары мен қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.



Тәрбиелік:

Білім алушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымды қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.






САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: интербелсенді тақта. Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Қажетті реактивтер мен құрал – жабдықтар: мыс (ІІ) сульфаты, азот қышқылы, натрий гидроксиді, сүт, ет, жұмыртқа, су, сынауықтар, спирт шамы.

Б. Негізгі әдебиет:

1. Н.Нұрахметов. Қ.Бекішев. Н.Заграничная. Г.Абрамова «Химия» 10-сынып. Алматы: Мектеп, 2014ж. §12.2- 12.3.

2. Ә.Темірболатова. Н.Нұрахметов. Р.Жұмаділова. С.Әлімжанова . «Химия» 11-сынып. . §13.3- 13.4.

Сабақты жүргізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)


  • Білім алушылармен сәлемдесу;

  • Білім алушыларды түгендеу;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Білім алушылардың назарын сабаққа аудару (ой ашар)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (тексеру) (8мин)

1- тапсырма. «Сәйкесін тап» флипчартта «Көмірсулар» тақырыбына байланысты тапсырмалар берілген, сәйкес орындарына қою арқылы әр көмірсуды анықтау.

Моносахаридтер

Гидролизденбейтін қарапайым қантты заттар.

С6 Н12 О6

Жүзім қанты

Бағалы қоректік зат

Денсаулықты нығайтатын дәрі ретінде медицинада пайдаланылады.

Фруктоза

Адам ағзасында зат алмасу процесіне қатысады.



Дисахаридтер

Гидролизденіп, моносахаридтердің екі молекуласына ыдырайды.

С12Н22 О11 (қызылша қанты)

Этил спиртін алуда маңызды өнім болып табылады

Лактоза- сүт қанты

Молекуласы глюкоза фруктозадан түзіледі

Мальтоза

Полисахаридтер

Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар

6Н10 О5)n

Целлюлоза

Жасанды жібек алынады

Крахмал – салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат.

Адам мен барлық жануарлар азық ретінде қабылдап, қорыта алады.

2-тапсырма:

Интербелсенді тақтада көмірсулар берілген өздеріне сәйкес суреттерді орнына кою



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру(18мин)



Аминдер дегеніміз-молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы көмірсутек радикалына алмасқан аммиактың туындылары.

Аминдер аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:



Біріншілік

R-NH2

Екіншілік

R2

NH


R2

Үшіншілік

R1 – N – R2

R3


CH3 – NH2 C H3 СН3 – N – CH3

метиламин NH

C2H5 C2H5


метилэтиламин диметилэтиламин

  • NH2тобы – амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.

Мысалы,

СН –NH2метиламин немесе аминметан


СН3 – СН – СН3

NH2

Изопропиламин немесе 2- аминпропан

Алу жолдары.

1. Аминдерді нитроқосылыстарды катализатор (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандырып алады:

R – NO2 + 3H2 → R – NH2 + 2H2O

Өндірісте анилинді алу нитробензолды катализатор (Pd, Pt, Ni) қатысында тотықсыздандыруға негізделген:

C6H5NO2 + 3H2 → C6H5NH2 + 2Н2O

Н.Н. Зинин (1842 жылы) нитробензолды күкіртсутекпен тотықсыздандырып, анилин алған:






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет