Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдеді толықтырады, тірек сөздер негізінде сөйлейді, сөздерді дұрыс байланыстырады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа сәйкес тақпақ шығарады, мәтін құрайды
Бағалау критерийлері
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша сөйлейді.
Сөздердің байланысын сақтап жазады.
Үй тапсырмасын тексеру (Ж) Өзара тексеру
Қатар отырған екі оқушы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Есеп-жұмбақ шештіру арқылы сабақтың мазмұнын анықтайды.
Жұмбақ
Қосты тағы 7 балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан? (12)
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсатымен таныстыру Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөйлеймін.
Сөздердің байланысын сақтап жазамын.
балапан ұя салады
мекендейді- тұрады, тіршілік етеді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру Сары балапан. Сары балапан өте сүйкімді.
Орманда мекендеу(тіршілік ету, тұру). Аңдар орманда мекендейді.
(Ө) Тыңдалым Тыңдалым тапсырмасы Мәтінді 2 рет тыңдайды
Тыңдалым мәтіні Құстар жанды табиғатқа жатады. Олар жоғары ұшады. Құстар ұяларын ағаштың басына, үйдің шатырына, қораның төбесіне салады. Құстың балапаны ұяда өседі. Құстар- біздің досымыз. Суреттер мен сөйлемдерді сызық арқылы сәйкестендіреді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады.
Керекті сөздер: қарлығаш, ұясы, ұяда, қарлығаш
Бұл- қарлығаштың ... .
... жоғары ұшады.
... үйдің шатырына ұя салады.
Құстың балапаны ... өседі.
Қатар отырған көршілер жұмыстарымен ауысады. Бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді.
(МК, Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды.
Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіру.
-Қандай әдемі балапан! Бұл ненің балапаны?
-Бұл- тоқылдақтың балапаны.
-Тоқылдақ қайда мекендейді?
-Тоқылдақ орманда мекендейді.
-Тоқылдақ ұясын қайда салады?
-Ол ұясын ағаштың басына салады.
-Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
-Себебі ол ағаштарды қорғайды.
1-2 жұптың жауаптары тыңдап, комментарий айту арқылы бағалау («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың»).
Сергіту сәтіҚараокемен «Қарлығаш» әнін айту
(Т) Айтылым. Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс.