Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы. «Антонимдер»
Дайындаған: Анжаева Алия
Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, әдет - ғұрып, салт - дәстүр, халық өнерін ардақтай білуге үйрету. ә) дамытушылық: Ой белсенділігін арттыру б) тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, бірлікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру.
Сабақ көрнекілігі: сөз - жұмбақ, мақал - мәтелдер, тіркес сөздер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру, Амандасу, Түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар, біз өткен сабақтарда омоним, синонимдерді өттік. Осыған орай топтық сайыспен сабағымызды бастайық.
1 топ “ Сүйіктілер мен сүйкімділер” (синоним)
2 топ “Ойлылар мен ойлы жерлер ” (омоним )
1 топ өздері дайындап келген өлеңдері мен мақал - мәтел, ұлағатты сөздерді оқиды.
Бұл синоним тобы
2 топ. Сөзжұмбақ. Бұл топ омоним тобы.
1 саудагер мақсаты
2 Есікті ашатын құрал
3 Есімше тұлғасындағы етістік
4 Білім бұлағы
5 Оқушы мақсаты.
Топтастыру әдісі бойынша әр топтан екі оқушы шығып, сұрақтарға жауап беру.
1) Лексика нені зерттейді?
2) Етістікпен болған синонимге мысал келтір( амандасу, сәлемдесу, есендесу.)
3) «Күннің көзі» дегендегі «Көз» қандай мағынада қолданып тұр.
4) «Білген кісі тауып айтады, білмеген қауып айтады.» ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет.
«Ой атасы – жұмбақ»
Әр топқа жұмбақтар береміз, жауабын табу керек.
Жер атымын, мені іздеп қайтасың.
Қыз есімі деп те мені айтасың.
Ол екеуі аздық етсе, мені ұстап,
Той - думанда музыка да тартасың (баян)
Таңғаларлық бір ит бар,
Үй бағады үрмейді,
Аяғы жоқ жүрмейді,
Рұқсатсыз сол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып)
Жаңа сабақ.
Сабағымызды бастамас бұрын шежіремен таныстырып өтейін. Ерте, ерте ертеде Лексика деген қарт өмір сүріпті. Қарттың үш баласы болыпты. Үлкен ұлы « Омоним», ортаншы ұлы «Синоним» кіші ұлы « Антоним» болыпты. Әкесі үш ұлын шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Ұлдары ойланыпты. Омоним айтыпты: Түс
Синоним айтыпты: Бал шекер, қант.
Антоним жауап бермепті.
Енді балалар антоним дегеніміз не?
Мағыналары қарама қарсы сөздер антоним деп аталады. Балалар сендер қандай қарама қарсы сөздерді білесіңдер. ( дос - дұшпан, алыс - жақын, биік - аласа, ақ - қара)
Ал енді балалар антонимнің жасалу жолына назар аударайық.
антонимдер Зат есім Сын есім Есімдік етістік үстеу
Арық - семіз
Ерте - кеш
Өтірік - шын
Дос - дұшпан
Кіру - шығу
Дәптермен жұмыс.
Берілген өлең жолдарынан жұп антонимді табу.
Қараңғы қанша дүниеде
Дүниеде қанша жарық бар
Ұсақтар қанша дүниеде
Дүниеде қанша алып бар
Қашырар қуат - пәрменді
Дүниеде небір жасық бар.
Сарқылтар адам дәрменін
Көз жеткізбейтін қашықтар.
Сергіту сәті. Жұмбақтар шешіп антонимді табу.
Асты тас, үсті тас,
От астында піскен ас. (таба нан)
Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон. (жер)
Бекіту. Антоним қай сөз табынан жасалады
Үйге 96 - жаттығу
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |