Мектеп:
|
№26 С. Датов атындағы орта мектеп
|
Күні: 26.02.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Биханова Жанат
|
Сынып: 3 а, б, в, г, д
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Ақпаратты іздеу
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
3.1.2.1-компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2-компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.2.1.3- құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.3.1.1- нақты сұрақтарға жауап табу үшін ғаламтор қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар...
Компьютерлік программалардың міндетін тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар…
ақпаратты іздеуге сұрақ тұжырымдайды;
іздестіру жүйесінде керек ақпаратты іздеп табатын алгоритм тұжырымдайды;
іздестіру жүйесіне мысал келтіреді.
Пәндік лексика және терминалогия:
Ғаламтор, браузер, веб-парақша, сілтеме, іздестіру жүйесі.
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
Браузер программасы ... үшін қажет
Сұрақ жауабын табатын ақпарат іздеу үшін …
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Әдебиеттік оқу. 6 Бөлім: Атақты тұлғалар.
|
Алдыңғы оқу
|
Оқушылар әр түрлі программалардың міндеттері туралы жалпы түсінігі бар, программалармен жұмыс жасайтын тәжірибесі бар.
|
Саралау
|
Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.
|
Бағалау
|
Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:
- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауаптарын қадағалау (жұптық жұмыс).
- теориялық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;
- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.
- өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
4 мин
6 мин
|
Ұйымдастыру кезені
Сыныптағы оқушылардың қатысын тексеру. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады.
Миға шабуыл.
Экран бетіне атақты тұлғалардың суретін шығару.
Экран бетінде кім бейнеленген?
Осы тұлғалар туралы не білесіз?
Жұптық жұмыс.
Оқушылар жұптасып атақты тұлғалар туралы білгендерімен бөліседі.
Компьютер арқылы ақпаратты алай алуға болады?
2 Мақсатты тұжырымдау
Оқушылармен бірлесе отырып сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдау. Қолдау ретінде тақтаға кесте арқылы негізгі сұрақтарды жазып қоюға болады:
|
|
Сабақтың ортасы
3 мин
3 мин
|
Тақырып бойынша танымдық қызығушылықты қолдау және дамыту.
Бірлесе отырып он-лайн режимде бейне қарау
«Интернеттен ақпаратты іздеу тәсілдері».
«Дұрыс немесе бұрыс»- ойыны.
Оқушылар кеспе қағаз арқылы дұрыс және бұрыс жауаптарды белгілеу қажет.
Кеспе қағаздарымен алмасып экран бетіне шығарылған жауап арқылы тексереді.
Жаңа тақырып
Ақпаратты іздеуге арналған программа қалай аталады?
Браузер дегеніміз не?
Кен таралған браузерлерге мысал келтіріңіз.
Көрсетілім
Балаларға арналған Гогуль браузерімен таныстыру.
4. Сергіту сәті
Әуен қосып, мұғалім оқушылармен бірлесіп көз талмауына арналған жаттығулар өткізеді.
5. Практикалық жұмыс
Оқушылар компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелеріне нұсқама алады.
Оқушылар практикалық тапсырманың шартын талқылауға кіріседі:
1 тапсырма
Тақтада бейнеленген атақты тұлғалар туралы мәлімет қарастыру.
Қай жылы туылған?
Қай елді мекенде туылған?
2 Тапсырма: Қазақстан Республикасының тұнғыш Президентінің мұражайы туралы ақпарат табыныз. Мұражайдың жұмыс кестесі мен мекен жайын білу үшін іздеу жолына қандай сұрақ еңгізу керек?
Тапсырманың нәтижесіне жету үшін дескрипторлар тұжырымдайды. Тұтас әңгіме құрады.
Дескрипторлар үлгісі:
Ақпаратты іздеу критерийлері тұжырымдалдый;
Ғаламторда жұмыс жасау кезінде дұрыстайтын программа қолданды.
Әр түрлі браузерлерге мысал келтіреді.
Оқушылар практикалық тапсырманы орындауға кіріседі.
Дескрипторлар арқылы бірін бірі бағалау.
Алдын ала дайындалған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірін бағалайды.
|
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/internetten-aqparatty-izdeu-tasilderi
|
Сабақтың соңы
38-40 минут
|
Рефлексия
«Әңгіме» тәсілі
Бүгін біздер… орындадық
Бізге… ұнады
Бізде …өте жақсы шықты
Әзірше бізге … қиындық туғызды
|
|