Жамбыл облысы, Меркі ауылы
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі: Әбдікерім Дана Әлімбекқызы
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9 «Д» сынып Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі. Еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен сөз тіркестерімен таныстыра отырып, еліктеу сөздер жөнінде білім алады.
Міндеттері: 1. Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады, алған білімдерін нақтылайды;
2. Ынтымақтастықта жұмыс жасайды, өз ойын айтады және қорғай біледі, ізденімпаздық қасиеттері дамиды.
3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруға дағдыланады.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдер: «Кім жылдам?», «Адасқан сөздер» ойыны.
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз.
Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.
Күтілетін нәтиже: Тапсырмалар мен жаттығуларды дұрыс орындайды, тақырыпқа байланысты сөздермен сөйлемдер құрайды, еліктеу сөздерді біліп шығады, ізденімпаздық қасиеттері дамып, алған білімді күнделікті қарым-қатынаста қолданады.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) «Тілек шоғы» тренингі.
Оқушылар шеңбер құрайды. Оқушылар бір-біріне тілектер тілейді.
б) оқушыларды топқа бөлу. «Асхана» және «Ас мәзірі» сөздерін «Мозайка» әдісімен жинап, топқа бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |