Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ жауап. Сабақтың барысы; Ұйымдастыру



Дата11.01.2017
өлшемі320,99 Kb.
#7427
түріСабақ
Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы , бастауыш сынып мұғалімі.

17 Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясы.Жамбыл облысы , Меркі ауданы , Меркі ауылы.





ДҮНИЕТАНУ

4сынып.


Сабақтың тақырыбы: Жер асты сулары
Сабақтың мақсаты: 1. Жер асты сулары, құдық,бұлақ,тұма,өзен-көлдер және олардың адамға тигізетін пайдасы туралы білім беру.
2. Ой - өрісін, елестету,есте сақтау,бақылағыштық қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаны қорғай білуге, суды үнемдеуге,тиімді пайдалануға баулу.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап.


Сабақтың барысы;
1. Ұйымдастыру

2. Психологиялық дайындық


«Суқойма»сөзіне ассоциация жасау Кім жүйрік,кел ойланайық!
-Біздің ауданымызда қандай суқоймалар бар?


мұхиттар

көлдер

теңіздер



Суқоймалары

тоғайлар

өзендер






жылғалар




құдықтар

Ыстық сулар

бұлақтар

-Әр жыл мезгілінде олар суын қалай толықтырады?


3. Үй тапсырмасын тексеру.


Су. Табиғаттағы су айналымы

1-топ «Судың өмірлік маңызы»

2-топ «Судың қасиеті»

3-топ «Ластанған суды тазартуға бола ма?»

4-топ «Судың құрамы»
4. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест
1. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
А. сұйық, қатты, газ. Ә. сұйық, газ, ащы. Б. сұйық, газ, жұмсақ.
2. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А. үштен бір. Ә. үштен екі Б. екіден бір
3. 70 кг. адамның денесінде қанша кг. су бар?
А. 60 кг. Ә. 70 кг. Б. 50 кг
4. Адам су ішпей қанша шыдайды?
А. 1 күн. Ә. 1 апта Б. 3 күн.
5. Судың күйі неге байланысты болады?

А.Суыққа Ә.Ауа райына Б.Температура мен ауаға

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

Жаңа материалмен жұмыс; ;Жерасты сулары.

Мәтін неге бұлай аталған?Онда не туралы әңгімеленуі мүмкін?Жерасты сулары туралы не білесіңдер?Ол сулар қалай пайда болады деп ойлайсың?

Оны пайдалануға бола ма?(оқушылар өз ойларын білдіреді)


Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді өз бетінше оқыту.Оқу барысында мәтіндегі негізгі ойды ашуға ынталану және жоспар құра әңгімелету.




Өзендердің сумен толығуы



Жаз

Көктем




Қыс



Жаңбыр,бұлақ-тар, еріген қар суы , еріген мұз

Еріген су , жаңбыр , бұлақтар




Бұлақтар



Өзендер




Жазық (ағысы баяу)

Тау (ағысы жылдам)

Жерасты сулары туралы электронды оқулықтан бейнебаян көрсету.


Жерасты сулары




Бұлақтар

Артезиан сулары




Ыстық минералды сулар

Мәтіндегі жерасты сулары,бұлақ,тұма туралы бөліктерді белгілету.



V

Білемін



-


Білмеймін

+Мені таңқалдырады



?

Білгім келеді






































Оқушылар кестені көрсетілген белгілер бойынша толтырады. Кестеге мәтін бойынша алған мәліметтерін қысқаша жазады.

Жұптасып жұмыс істеу.

Бір-бірлерінің кестелерін ауыстырып , белгілерді салыстырады. Пікір алмасады.

Сергіту;Меркі жері емдік шипалы суларға бай өлке.Мерейлі Меркіміз қаншама ақындар мен жазушылардың шығармашылығына негіз болып,қалам тартуларына ықпал етті.Сұлулығына тәнті перзенттерінің дарынын ашты.Талай тарландар мен дарабоздарды түлеткен туған өлкеміз туралы ән тыңдайық «Аңсаған ауылым»А.Қоразбаев.

. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.


1. Судың қасиеті - жақсы еріткіштігі. Тәжірибе жасау.(Ас тұзын стақандағы суға салып еріту)
2. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарын ерітеді. Физикалық қасиетін өзгертеді, дәм және иіс т. б
3. Минералды су жарамды, жарамсыз болады. Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде 2 - 20 г. еріген тұздары болады. Адам ағзасына пайдалы әрі сырқаттарынан айыруға көмектеседі. Сондықтан оларды «Шипалы су»деп атайды

4 Меркі шипажайы туралы әңгімелету. Суреттерін көрсету.



5. Сарыағаш курорты туралы оқыту. Суреттерін көрсету.
6. Өз ауданымыздан шығарылатын су туралы әңгіме.
7. Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. Су туралы мақал - мәтел жазу.
2 - топ. Жұмбақ шешу.
3 - топ. Тыйым сөздер жазу.
7. Сабақты қорытындылау.

Сұраққа жауап алу.


А. Егер өсімдік сусыз қалса не болады?
Ә. Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?
Б. Маңында өзен - көлі жоқ елді мекен суды қайдан алады?
В. Құдық суы ішуге жарамды ма?
Г. Біздің ауылымызда минералды су бар ма?

Д.Жерасты сулары деген не?



8. Оқушыларды бағалау.



9.Үйге тапсырма беру. «Жерасты сулары» оқып,мазмұнын әңгімелеу.

«Су тіршілік көзі» эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет